«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Ұлағатты ұстаздар.

Күз мезгілі алтын шуағымен елімізде салтанатты түрде –ұстаздар күні аталып өтіледі.

Бұл мереке ұстаздар үшін де, шәкірттер үшінде ерекше күн. Барлық ұстаздарға  төл мерекелерімен құттықтай келе , өмірлерінен бақыт, денсаулық , қажымас қайрат, талмас талап, шығармашылық табыс тілеймін. Березовка жалпы орта білім беру мектебінде «Ұлағатты ұстаздар» көп. Сондықтан олар туралы айтпай кету мүмкін емес. Жақсының жақсылығын айт –нұры тасысын деген сөз бар. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-бабамыздан келе жатқан ізгі ниет. Сол себептен Баку жолдасбекқызы мукенова, Раухан Қурманқызы Бегембаева, Кулмайра Еркінқызы Султанова, Бейбіт қуандыққызы Бекжановалар айтқым келеді. Бұлардың ұрпақ тәрбиелеп, білім нәрін бергендеріне 3  жылдан асты. Олар туралы сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Шәкірттері ғана емес  артынан ерген бізде тәлім-тәрбие, өнегелі өсиеттерін санамызға сіңіреміз. Өмірге ұрпақ  өмірге ұрпақ әкелген аналарды қандай ардақтасақ , сол ұрпақты тәрбиелейтін ұлағаттты ұстаздарды да сондай ардақтауға тиіспіз. Берген тәліммен тәрбиесінің арқасында қаншама ұрпаққа білім нәрін алып, егеменді еліміздің әр түпкірінде еңбек етуде. Бұл дегеніміз осы ұлағатты ұстаздардың жемісі деп білемін. Қазірдің өзінде заман талабына сай білім беруде, ол ұстаздардың ұлылығы.

Басып шығару

Ұстаздық еткен жалықпас...

60 жыл бұрын жас маман, орыс тілі мұғалімі Левченко Качир ауданының Покровка (Мухина) Александра Анатольевна Качир ауданының Покровка мектебінің табалдырығын аттады. Покровка мектебінде жұмыс істеген жылдары қызықтар мен қиындықтарға толы болды. Оқушылардың көпшілігінің жасы Александра  Анатольевнадан үлкен болғанымен оқуға деген ынталары жоғары, мұғалімнің әр сөзін ойына түйе отыратын. Покровка мектебінде 10 жыл жұмыс істеген соң оны Трофимовка мектебіне ауыстырды. Ерен еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.  Зейнетке шыққанға дейін Александра  Анатольевна осы мектепте жұмыс істеді. Өмірінің отыз жылдан астам уақытын мұғалімдік қызметке арнады.   

Басып шығару

Ұстаз- ұлы тұлға.

Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.

Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері,  қоғам,  халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі.  Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде. Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға,  қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор.  Жалпы балалар,  ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.

Тағы мақалалар...