Білім берудің даму жағдайы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Качир ауданында 2015-2016 жылғы іске асыру барысы туралы
АҚПАРАТ
- Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу
- Жалпы орта білім беру
Ауданда 4 балабақша, 24 шағын орталық жұмыс жасайды. Мемлекеттік тілде оқыту және тәрбиелеу 14 шағын орталықта жүргізіледі, онда 210 бала, орыс тілінде 7 шағын орталық, онда 89 бала, аралас тілде оқыту 4 шағын орталықта, онда 146 бала. Мемлекеттік тілде тәрбиелеу және оқыту екі балабақшада (Тереңкөл а. «Ақ бота» - 148 бала, Тереңкөл а. «Талбесік»- 100 бала ), аралас тілде оқыту 2 балабақшада (Тереңкөл а. «Балдаурен» - 140 бала, Песчан а. «Балдырған» - 125 бала) жүргізіледі.
Аудан бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны 1225, оның ішінде қамтылғаны 958 (78,2%), 3 жастан 6 жасқа дейін 705 бала (100%).
«Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде: 2014-2015 жылдары республикалық бюджеттен Песчан ауылының «Балдырған» балабақшасында орыс тілінде оқыту және тәрбиелеумен 20-25 орынға санаторлық үлгідегі жаңа топ ашылды. 2015 жылы Тлеубай НМ мен Тегістік ЖББОМ жанындағы шағын орталықтарды толық күннен, қысқа уақытқа ауыстырылды.
2016 жылдың қаңтарында Тереңкөл ауылының «Ақ бота» балабақшасында 20 орындық қосымша топ ашылып, «Талбесік» бөбекханасында 10 орынға балалар контингенті кеңейтілді.
Мектепке дейінгі шағын орталықтарды материалды - техникалық базамен жабдықтау және қамту үшін республикалық бюджеттен 70,032 мың теңге, жергілікті бюджеттен 23,77 мың теңге бөлінді. Балабақшаларды материалдық - техникалық базамен жабдықтау және қамту үшін республикалық бюджеттен 57,436 мың теңге бөлінді.
Мектепке дейінгі білім берудегі педагогтар саны 125-ті құрайды, жоғары біліммен – 81, мектепке дейінгі жоғары -19, мектепке дейінгі технологиялық және кәсіптік біліммен -44, мектепке дейінгі арнаулы орта біліммен -7. Жоғарғы және бірінші санатты 21 педагог (16,8 %).
Ауданда жалпы білім беретін күндізгі мектептер саны 30, 2880 оқушы контингентімен. Оның ішінде жалпы білім беру бағдарламасын іске асырушы – 19, негізгі білім беру бағдарламасы – 8, бастауыш білім беру бағдарламасы – 3 мектеп. Оның ішінде 7 мектеп мемлекеттік оқыту тілінде, 18 аралас және 5 орысша оқыту тілінде. Онда 961 оқушы мемлекеттік тілде, 1919 оқушы орыс тілінде оқиды.
Аудан үшін аз комплектілі мектептердің санының көп болуы сипатты: 30 мектептің 27-сі аз комплектілі.
Аз комплектілі мектептердің мәселелерін шешуге тірек (ресурстық орталық) мектептердің ашылуы ықпал етеді. Мемлекеттік білім беруді дамытудың бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2012 жылдың қаңтарында Качир №1ЖББОМ және №3 ЖББОМ негізінде тірек мектептері- ресурстық орталықтар ашылды. Бұл мақсатқа 830,0 мың теңге бөлінді.
Оқулықтармен қамтылу көрсеткіші 100% құрайды. Оқулықтарды алу үшін қаражат толық көлемде бөлінеді.
Бүгінде ауданның жалпы білім беру мектептеріндегі компьютерлер 753 бірлікті құрайды. Жабдықталуы 1 компьтерге 3,8 адамды құрайды (2014 ж.- 5,6).
Барлық мектептер Интернет желісінің ақпараттық ресурсын белсенді қолданады. 2013 жылдың қыркүйегінен бастап Тереңкөл ауылының үш мектебі электронды оқыту жүйесіне қосылған. Ауданның барлық мектептері интернет желісін пайдаланады. Тереңкөл ауылының мектептері (№1,2,3 ЖББОМ) 8 Мб/с жылдамдықтағы кең жолақты интернет желісіне қосылған. Песчан а/о (№1,2 ЖББОМ), Байқоныс, Бобровка, Береговой, Октябрьск, Калиновка, Коммунар, Федоровка, Трофимовка орта мектептері де 4 Мб/с жылдамдығымен кең жолақты интернет желісіне қолданады. Ауданның 16 мектебі интернетке 512 кб/с жылдамдығымен EVDO технологиясы бойынша шығады, Первомайка НМ 1 мб/с жылдамдықтағы WIMAX технологиясы бойынша интернетке ие.
2013 жылы электрондық оқыту жүйесіне аудан орталығының үш мектебі қосылды. Ауданның 28 мектебінде 72 интерактивті тақталар құрылды, мамандандырылған кабинеттер – 80. Оның ішінде интерактивті жабдықталғаны 68. Білім беру басқармасының хатын орындау барысында Ивановка ЖББОМ мен Қ.Оспанова атындағы №3 ЖББОМ-ге екі биология кабинетін алу үшін 2015 жылы жергілікті бюджеттен 4 млн. теңге қаражат бөлінді.2016 жылыПесчан №2 ЖОББМ-ге химия кабинетін алу үшін 3 млн.теңге және физики Октябрьск ЖОББМ-ге физика кабинетін алу үшін 3 млн.теңге сомасында қаражат бөлінд.
2016 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге ауданның 17 жалпы білім беру мектептері қатысты, 93 оқушы немесе 65% түлек. 2016 жылы ҰБТ орташа балы 87,88% құрады (2015-73,46).
Ауданның барлық мектептерінде оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырылған. Оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, оның ішінде тегін тамақпен 80% оқушы қамтылған (1-4 сыныптардың барлық оқушылары және аз қамтылған отбасыларының балалары). Тегін ыстық тамақ Калиновка орта, Первомайка, Зеленорощинск негізгі мектептерінің барлық оқушыларына ұйымдастырылған. Ауданның 7 мектебінің асханалары жалға берілген, оқушылардың тамақтануын ұйымдастырушы «Гуцал» ЖК, «Мосейчук» ЖК, «Жакибаева» ЖК жеке кәсіпкерлері болып табылады.Ауданда 94 баламен, мектебі жоқ 12 елді мекен бар, оның 5-уі мектеп-интернатта оқиды және тұрады, мектептен 3 км астам қашықтықта тұратын 89 бала, күнделікті ауданның 8 мектебіне тасымалдаумен қамтамасыз етілген. Тасымалдау үшін автокөліктің 8 бірлігі жұмылдырылған (2 автобус, 5- Газель шағын автобусы, 1- жеңіл автокөлік).
Ауданның 30 мектебінде балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жылы дәретханалар орнатылған.
Орталықтандырылған сумен жабдықталған – 13 мектеп, тасымалданатын сумен – 6, скважина – 11 мектепте бар.
Педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілу көрсеткіші 100% құрайды. 2015-2016 оқу жылының басына жалпы білім беру мекемелерінде 630 педагогикалық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімді 536 адам бар, ол 85 % құрайды, жоғарғы және бірінші санатты – 319, ол 50,4 % құрайды. Ағымдағы жылда аудан мектептеріне 42 жас маман келеді деп күтілуде.