Олимпиада мықтыларды анықтады
Качир №1 ЖОМ-де Качир ауданының оқушыларының арасында жалпы білім беру пәндері бойынша аудандық олимпиада өтті. Мақсаты- дарынды балаларды анықтау және қолдау, олимпиадаға қатысу үшін дайындау, ғылыми іс-әрекеттерге жағдай туғызу. Олимпиадаға 22 жалпы білім беру мектептерінің 8-11 сыныптарынан 146 оқушы қатысты.
Оқушылар 2 күн бойы теориялық мәліметтер мен тәжірибелік тапсырмалады орындау білімдері бойынша сайысқа түсті. Тілдік пәндер бойынша жаттығулар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мәтінді делелдей отырып талдауға бағытталды. Математика, химия, география, информатика пәндерінің тапсырмалары дәйекті мәліметтерді, логикалық ойлау, түсініктерді анықтау және терминдерді сауатты жаза білу білімдеріне бағытталған.
Олимпиада әділқазылары оқушылардың дайындықтарының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 9 оқушы бірінші орын алды, 29 – екінші орын, 31 оқушы – үшінші орын. Жалпы командалық есепте Песчан № 1 ЖОМ оқушылары бірінші орын алды, екінші орын - Байқоныс ЖОМ, үшінші орын – Качир № 3 ЖОМ. Жыл сайын мектеп олимпиадасының қорытындысы бойынша Песчан №1, 2 ЖОМ, Байқоныс ЖОМ педагогикалық ұжымдарының оқушылары тұрақты жоғары нәтиже көрсетеді. Олимпиада, 8-сынып оқушыларының зиялылық байқауларына қызығушылықтары артқанын көрсетті.
Бірінші орынға ие болған оқушылар, олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады. Жеңімпаздар мен олимпиада сыйлық иегерлері, оларды дайындағын мұғалімдер, Грамоталар және құнды сыйлықтар алды.