Кадрылық жұмыс жөніндегі бөлім
игры для android
Сәуле Неғматқызы Ахметова – ұйымдастыру-кадрлық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі. 1953 жылдың 22 наурызында Павлодар облысы, Баян-ауыл ауданы, Баян-ауыл ауылында дүниеге келді. Қазақ, 3 жоғары білімім бар. 1971 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Качир ауданының Березовка ОМ-де аға тәлімгер боп еңбек жолымды бастадым. 1975 жылы «Федоровка» совхозына комсомолдық ұйымының хатшысы болып сайландым. Сол жылдары ауыл-шаруашылық өндірісінің экономист – ұйымдастырушы мамандығы бойынша Целиноград ауыл-шаруашылық институтын бітіріп, алғашқы жоғары білімімді алдым.1986 жылы Алматы қаласына екі жылдық Жоғары партия мектебіне (күндізгі бөлімі) оқуға жолдандым. Оқуымды үздік бітіргеннен кейін, Качир аудандық комитетінің партиясында жұмыс атқардым. Сол уақытта – экономика саласында құқықтық заңгер мамандығы бойынша Қарағанды экономикалық университетін бітірдім. 1990 жылы экономист мамандығына ауысып, 3 жыл бойы салық комитетінде банк саласында қызмет атқардым.1997-2011 жылдар аралығында Качир ауданы әкімдігінің жеке меншік: халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру, ішкі саясат пен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімшелерінің басшысы боп қызмет атқардым. Қазіргі кезде «Качир ауданы білім беру бөлімі» ММ-де ұйымдастыру-кадрлық жұмыс жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі болып қызмет атқарамын. Ұлымды - С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің 2 курс студентін тәрбиелеймін.
Мөлдір Жайлауханқызы Бейсембаева – «Качир ауданы білім беру бөлімі» ММ-нің хатшысы. Туған жылы мен жерім: 1990 жылдың 30 наурызы, Алматы қаласы. Ұлты: қазақ Білімі: 1997-2008 жылы Екібастұз қаласындағы №7 мектеп- гимназиясында 11 сынып оқып бітіріп, 2008 жылы ПМПИ, физика- математикалық факультетінің «Физика» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2011- 2013 жж. Качир ауданының Ивановка ЖОББМ-де хатшы, іс- жүргізушісі және аудармашы ретінде жұмыс атқарды. Тұрмыста, бір баласы бар. Педагогикалық өтілі: 3 жыл. Жеке қасиеттерім: жұмыстылық, ұжымда жұмыс істеуді білу, жауапкершілік, мақсаттылық, тәртіптік, ұқыптылық.
Әлия Рамазанқызы Қасантаева – мұрағатшы. Туған жылы мен жері: 1987 жылдың 22 мамыры, Железин ауданы, Михайловка ауылы. Ұлты: қазақ. Білімі: 2009 жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің биология- химия факультетін аяқтадым. 2011 жылы- ПМПИ, «Тарих» мамандығы, академиялық дәреже- тарих бакалавры. 2008 жылы жазда Германиядағы «Bremen» университетінде неміс тілінен оқудан өтті. Педагогикалық өтілі 4 жыл құрайды. (ІІ дәрежелі тарих мұғалімі). Қоғамдық шығармашылықпен айналысады, аудан өміріне белсенді қатысады. Әуес іс: кітаптарды оқу, шет тілдерді оқу (неміс). Жеке қасиеттер: жұмыстылық, ұжымда жұмыс істеуді білу, жауапкершілік, мақсаттылық, тәртіптік, ұқыптылық. Тұрмыс құрмаған.
Нұргүл Тоқбайқызы Сүгүрова – «Качир ауданы білім беру бөлімі» ММ-нің корректор-аудармашысы. Туған жылы мен жері: 1986 жылдың 05 шілдесі, Павлодар облысы ,Качир ауданы, Байқоныс ауылы. Ұлты: қазақ. 2003 жылы Павлодар ауданы Чернорецк ЖОББМ-н бітірді. 2006-2007 жылдар аралығында шаштараз және тоқу курстарын бітірді. 2006 жылдың маусым айында тұрмысқа шықты. Қазіргі кезде жолдасы екеуі 3 ұлды тәрбиелеуде. Әуес іс: тоқу, шаш өру және кітап оқу. Жеке қасиеттер: жұмыстылық, ұжымда жұмыс істеуді білу, жауапкершілік, мақсаттылық, тәртіптік, ұқыптылық.