«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Ұстаз мерейі

клубные шаблоны сайтов
игры для android

Тек ұстазбен өніп-өсіп көктейміз

Тек сонымен арман-шыңға беттейміз

Ұстаздардың ерен еңбегін

Ұшан – теңіз десек артық кетпейміз

Жас ұрпақты тәрбиелеу күресі

Тыным таппай  соған ауған шын есі

Әрдайым  ұстаздардың сабағынан

Таңғажайып тәлім алып шығамыз

Тілдескенде жанын ұғып тұрамыз

Батыр,батыл ойларынан ығамыз

Шәкірттерге әр сабағы тағылым

Қымбат оған бала жаны бәрінен

Кеудесі толы білім бұлағындай

Сабағы оның жанған шырағындай

Мерейлі жанарынан нұр төгілген

Жадырап шыққан күннің шуағындай

Әр шәкіртін білетұғын аялай

Мұғалімдер баршылық қой осындай

Еңбегінің ыстығы мен суығын

Бірге көрген қиындыққа қарамай

Құштар емес мұғалімдер мадаққа

Есімі оның санда емес санатта

Мұғалімнің бізге берген дәрісі

Шәкірттерін ынтықтырған сабағы

Баурап олар жанды өзімен сырласқан

Әр сабағы ғажайып бір тыңды ашқан

Мейрімді,салмақты ұстаздардың

Дәріс беру шеберлігі жыр-дастан

Шәкірт біткен дәрісіне сүйінді

Құшағына гүлі алғыс боп үйілді

Құтты болсын мерекеңіз кәсіби

Шаттық күйі жатсын кернеп үйіңді

Тоймайтын балалардың қылығына,

Жарқырап қос жанары нұр төккендей.

Осындай қадірменді ұстаз болған,

Мұғалім көбейсе екен ұлағатты .

Өмір бойы шәкірттерін  жүздеген,

Тәрбиелеп жаңа өмірге ұшырды.

Бәрінен де еш күдерін үзбеген,

Мамандықтың дұрыс жолын ұсынды.

Жарасып ойлылығы гүл өңіне,

Келеді шуақ шашып түлегіне.

Мыңдаған шәкірттердін бағын ашып,

Құйды мол білім нәрін жүрегіне.

Жұмсаумен балаларға бар уақытын,

Тапқан жан тіршілікте өз бағытын.

Біз бүгін парасатты ұстаздарға ,

Тілейміз бейнетінің құт бақытын.

Жайқалтып бұл тәлімдік есігінді,

Соға бергін ұстаздық көрігіңді.

Құтты болсын мерекең келген биыл,

Шәкірттерің ақтасын сеніміңді.

Сабақтын түсіндіріп өзгерісін

Шәкіртке құйып нәрін бергені үшін

Мұғалімдерге ырзалықпен айтамыз біз

Ұстаздық еңбегіңнің тер жемісін

Өмірдің небір қиын өткелінде

Сыр бермей маңдай терін төкті елінде

Келеді сабақ беріп мазмұны бай

Алтын орда жалпы білім мектебінде

Ұстаздарға арналады өлеңім

БІЛІМ  алған шын бақытты дер едім

Асыл ана ұрпағымен көрікті

Ұстазыңмен көріктісің сен,елім

                                                         Нуртазина Батен Иманбековна

                                                        Качир ауданы,Байқоныс орта мектебі.

                                                                     Қазақ  тілі  және әдебиет пәнінің мұғалімі.

новогодние поздравления