Басып шығару

Музыка олимпін бағындыру

клубные шаблоны сайтов
игры для android

2016 жылғы сәуірде Семей қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Л.Хамидидің туған күнінің 110-жылдығына арналған Латиф Хамиди атындағы жас музыканттар арасындағы байқау өткізілді.  Қазақстан Республикасы композиторларының Одағы байқаудың ұйымдастырушысы болып келеді.

 

Байқаудың мақсаты – дарынды балаларды анықтау, өскелең ұрпақты музыка өнерінің үздік дәстүріне баулу, Латиф Хамидидің шығармашылығы мен Қазақстан композиторларының шығармашылығын дәріптеу.

Байқауда Қазақстанның барлық облыстары мен жақын шетелдерден:  Татарстан, Қырғыстан, Түрікменстан, Башқұрстан, Ресейден 300-ден аса бала қатысты. 

Байқау 4 бағыт бойынша өтті: фортепиано, ішекті, үрлемелі аспаптары; қазақ және орыс халық аспаптары; теория; ансамбльдер. Аспаптарда ойнау байқауында,  скрипкашылар, виолончелистер, кларнетшілер, флейташылар, домбырашылар өздерінің шеберлігімен сайысты, Качир музыка мектебінің тәрбиеленушілері жүлделі орындарға ие болды: Жүсіп Баянсұлу М.Әубәкіровтың «Талас», «Сүгір Қаратау шертпесі» күйлерін орындағаны үшін,  жас ерекшелігіне қарай ересектер тобында  2 - орынға  және домбыра сыныбында кіші топта  Қуандык Гаухар А.Құнанбаевтың «Май түні», С. Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін орындағаны үшін 3-орынға ие болды. Қыздарға  дипломдар мен кубоктар табысталды. Педагогтер  Галимов Зейнур Хазиахметович, Теміров Қуандық Сыздықұлы дипломдар және алғыс хаттармен марапатталды.  Педагогтер өздерінің алған әсерлерімен бөлісті: «Байқауға қатысу білім деңгейімізді жоғарылатуға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ынталандыруға, дүр композитор Латиф Хамидидің және Қазақстан композиторларының  шығармашылығын танып білуге мүмкіндік берді. Ал  музыка Олимпін бағындыру – әр музыканттың арманы». Барлық байқауға қатысушыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді. 

новогодние поздравления