Басып шығару

Жас маман жетістігінің формуласы

клубные шаблоны сайтов
игры для android

Качир ауданы білім беру бөлімімен 2016 жылдың 11 сәуірінде жас мұғалімдердің кәсіби өсуін, инновациялық көзқарастарын қолдау мақсатында 7 пән бойынша форум-байқаудың 1 кезеңі өтті. 19 жалпы білім беретін орта мектептен 13 мұғалім қатысты.

Форумның 1 кезеңінде қатысушылар математика, физика, орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық және мемлекет негізі, информатика, дене шынықтыру сабақтары бойынша ашық сабақтар өткізді. Дмитрий Олегович Степанов, Песчан №2 ЖОМ информатика мұғалімі, Трофимовка ЖОМ  орыс тілі мұғалімдері Ажар Амангелдіқызы Жұмасанова, Бахыт Жұмашқызы Орынбаева, Гүлдана Болатқызы Токебаева, Береговой ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі өз сабақтарын жоғары кәсіби деңгейде өткізді. Сабақта жас мұғалімдер эвристикалық, ізденушілік, шығармашылық оқыту әдістерін қолданды. Оқу материалын берген кезде пікірталасты ұйымдастырды, қолдады және дамытты. Байқауға қатысушылар сабақты өздеріне таныс емес сыныптарда өткізді.

Содан кейін форум қатысушылары таңдап алған тақырыптары бойынша жобаларын қорғады: «Кладовая педагогического мастерства», «Мое педагогическое кредо».  Қазылар алқасы қатысушылардың дайындығы жоғары екенін ескерді. Песчан №2 ЖОМ информатика  мұғалімі Дмитрий Олегович Степановтың «Программные разработки технических средств обучения» жобасына «Мультимедийное приложение для дополнительной подготовки школьников к ЕНТ» кешенді оқу құралы мен бағдарламалары,  «Электронный учебник ТСО», «Виртуальная лаборатория по сборке и модернизации архитектуры компьютера» және интербелсенді тақтада жұмыс істеуге  арналған лабораторлық тапсырмалар енеді.

 Дмитрий Олегович қойылған міндеттерді шешу үшін АutoPlay, Adobe Caprivate, Active Studio  және  Delphi сияқты бағдарламалармен салыстыру сараптамалары жүргізілгенін айтып өтті.  Өткізілген сараптама нәтижесінде қойылған міндетті жүзеге асыру үшін Delphi 7 таңдап алынды. Бұл әзірлеудің кіріктірілген саласы өз қосымшаларын құруға және  суреттермен, видеолармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

«13 қатысушының 7-еуі байқаудың екінші кезеңіне өтті. Оларды «Мен- жасампазбын!» визит картасы, блиц-сұрақтар, классикалық қазақ және орыс әдебиеті шығармалары үзінділерінен қойылым көрсету сайыстары күтіп тұр», - дейді байқаудың қазылар алқасының төрайымы, білім беру бөлімінің басшысы Жайнат Қалиқайдарқызы Билялова.

 

      

новогодние поздравления