«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Астанаға сапар

клубные шаблоны сайтов
игры для android

2016 жылдың 8 тамызы мен 10 тамызы аралығында Качир ауданының Песчан №1 мектебінің оқушылары мектеп педагогтарымен бірге біздің Отанымыздың елордасы Астанаға барып қайтты. 

Олар бір күннің ішінде Қазақстанның бас қаласының барлық әйгілі көрнекті орындарымен танысты:  «тамырымен жер тұтқан, ұшар басымен көк тіреген» өмір ағашының нышаны, тамаша  Бәйтерекпен. «Бәйтеректің» қасында ҚР Президенті Назарбаевтың ресми резиденциясы – Ақорда астаналық алаңда көрінеді, үстінде біздің қазақстандық ту желбірейді.   Бұл алтындатылған ақ-көк ұлы ғимаратта ең маңызды құжаттарға қол қойылады, әлемнің түкпір-түкпірінен келген ресми делегацияларды қарсы алады. Біздің саяхатшылар уақытша тоқтаған Нұржол желекжолы немесе   Водно-Зеленый желекжолы - бұл өз кезегінде Қазақстан елордасы мұражайындағы орталық аллея болды. ҚР Ұлттық Мұрағаты орналасқан ғимаратты көрді. Зәулім тоғыз қабатты мұрағатта іс-жүргізушілік, фотоқұжаттар, микрофильмдер, мұрағатшылардың кітаптары сақталады. Ал міне, мұнара. Биіктігі-97 метр. Ең басында ыңғайлы көру алаңы орналасқан. Мұнда адамдар өте көп, әсіресе балалар. Оқушылар елорданың көрікті жерлерінің бірі, тұрғындар мен қонақтардың назарына лайық, ашық аспан астындағы бірегей мұражайды білдіретін «Атамекен – Қазақстан картасы» этнографиялық паркіне барды. Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен барлық қалалары ұсынылған парк аумағының көлемі екі гектарға жуық. Жаңа астананың орталығында бүкіл Қазақстанды кішкене көлемде көруге болады.  Сол сияқты «Думан» кешенінде де қыдырды, мұнда океанариумның қалың шыныларының ар жағында акулалар, скаттар, муреналар, таңқы шаяндар, пираньялар жүзіп жүр.  6 сынып оқушысы, жетім бала, Виктория Григорчук елордада бірінші рет болып, өз әсерімен бөлісті: «Астана – фантастикалық қала! Ол таңғажайып гүлзарға ұқсайды. Маған түрлі парктер мен саяжолдар, субұрқақтары бар жайлы саябақтар, жасыл мүсіндер және «гүл сағат» ұнады. Бұл шынымен де әлемнің қолдан жасалған кереметі».

новогодние поздравления