Конкурс
игры для android
«КАЧИР АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ» ММ «КАЧИР АУДАНЫНЫҢ «ТРОФИМОВКА ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ», «ТЕГІСТІК ОРТА ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ», «ЖАСҚАЙРАТ НЕГІЗГІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫНЫҢ БОС АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ ЛАУАЗЫМЫНА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
Еңбек ақысы еңбек өтіліне байланысты 121 643 теңгеден 137 483 теңгеге дейін.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі жоғары педагогикалық, педагогикалық еңбек өтілі бес жылдан кем емес және басқарушы қызметінде жұмыс өтілінің 1 жылдан кем болмауы; білім басқармасының келісімі; сотталғандығының болмауы.
Білуі тиіс: Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасының бала құқығы туралы» заңдарын, білім саласы бойынша өзге де құқықтық актілерді, педагогикалық, педагогикалық психологияны, жасөспірімдік физиологияны, мектеп гигиенасын, қазіргі заманғы ғылым мен тәжірбиедегі
педагогикалық-психологиялық жаңалықтарды, әлеуметану негіздері, экономика, еңбекті қорғау заңдылықтары, педагогика кадрларын аттестаттау ережелері, білім саласы бойынша қаржы-шаруашылық жұмыстарды, еңбек және техника қауіпсіздігін сақтау ережелері мен нормаларын, өрт қауіпсіздігі мен өндірістік санитарлық ережелер талабы.
Функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымының жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім беру ұйымының жұмысына басшылық. Білім мекемесінің оқу кеңесімен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп оқу жоспары мен бағдарламаларын, оқу үрдісінің күнтізбелік кестесін, ішкі еңбек тәртібін және өзге де нормативтік актілерді құрады.
Білім мекемесінің басқару құрылымын, штаттық кестесін, білім мекемелеріндегі жұмысшылардың қызметтік міндеттерін бекітеді. Білім беру құқығы лицензиясы талаптарына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілер контингентін жасақтайды және олардың әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етеді.
Әкімшілік аумақтың бекітіліп берілген аумағында балалардың оқуға қамтылуын жүзеге асырады. Педагогтық қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарына, заңға сәйкес балалар мен жастар ұйымына қоғамдық негізде ықпал жасайды. Білім беру мекемесінде қоғамдық тамақтану мен медициналық жұмыстың жүргізілуін қамтамасыз етіп, оқушылар мен тәрбиеленушілердің және жұмысшылардың денсаулықтарын сақтауды бақылау жұмыстарын қадағалайды. Оқу-тәрбие үрдісінде әдістемелік жұмыстың қазіргі заманға сай жүруін ұйымдастырыады.Білім мекемесінің мүліктеріне иелік етіп, жыл сайын қаржылық шаруашылық және материалдық шығындар туралы есеп береді.Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың (мүліктік, тұрғын үй, жеке еңбек және т.б) құқықтық жағынан қорғалуын, туыстық қатынастарды жалғастыру жөнінде жағдай жасайды. Білім алуышлар мен тәрбиеленушілердің белгіленген талапқа сәйкес мөлшерден төмен емес деңгейде жағдаймен қамтылуына ықпал етеді.
Белгіленген еңбек заңдылықтарының талаптарына сәйкес оқу-материалдық базаның сақталуына есеп жүргізіп, ішкі еңбек тәртібін, жұмысшылардың лауазымдық міндеттерін жасап, олардың кәсіптік шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Оқу үрдісі кезінде білім мекемесі қызметкерлері мен тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігінің, олардың құқығы мен бостандығының сақталуына, мектеп түлектерінің білім сапасына, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік білім беру стандарты талаптарының орындалуына жауап береді.
Қоғамдық орындармен, ата-аналармен (олардың орынын алмастырушылармен) жұмыс үйлестіріп, байланыс жасайды. Білім мекемесінің мемлекеттік өзге де ұйымдарымен жұмыс ұйымдастырып, тиісті мәлімет беруге дайындайды.
Конкурсқа қатысуға тілек білдіргендер «Качир ауданының білім беру бөлімі» ММ конкурстық комиссиясына келесі құжаттарды тапсырады:
1.Конкурстық комиссия төрағасының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;(нақты тұрғылықты жерін, байланыс телефонын көрсетіп);
2.Жеке бас куәлігінің көшірмесі.
3.Тиісті кәсіптік біліктілігі көрсетілген білімі туралы құжаттың көшірмесі.
Кадрларды есепке алудың толтырылған жеке фотосүреті бар іс парағы;
4.Еңбек кітапшасының көшірмесі, (бар болған жағдайда) немесе еңбек келісім-шарты, немесе соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау және еңбек келісім-шарттың бұзылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі;
5.Кадрларды есепке алудың толтырылған жеке фотосүреті бар іс парағы;
6.Бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме, ынталандырулар мен тәртіптік жаза қолданғаны туралы құжаттар.
7.Тиісті кәсіптік біліктілігі немесе ғылыми дәрежесі көрсетілген құжаттың көшірмесі;
8.Алдын-ала медициналық тексеруден өткендігі туралы құжат;
9. Сотталмағандығы туралы анықтама;
Тапсырылған құжаттардың көшірмесі нотариалды түрде бекітілуі тиіс.
Осы көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушының құжаттарын кері қайтарылуына негіз болады.
Конкурсқа қатысушылар білімі туралы, жұмыс тәжірбиесі жөнінде, кәсіптік деңгейі туралы (біліктілігі туралы куәлік, ғылыми атақ, ғылыми жұмыстары, бұрынғы жұмыс орынан ұсыныс т.б) қосымша мәліметтер бере алады.
Құжаттарды қабылдау аудандық «Тереңкөл тынысы» газетіне конкурс жөнінде хабарландыру шыққаннан кейін 15 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады: конкурсқа қатысушыларға біліктілік баға беру, кандидаттармен әңгімелесу және конкурстың қорытындысын шығару.
Комиссия құжаттарды қабылдау біткеннен кейін 5 күн ішінде қатысушылардың біліктілік талаптарға сәйкес келуін бағалауды жүргізеді.
Конкурсқа қатысушылардың тиісті құжаттарын
мына мекен- жайы бойынша қабылдау жүргізіледі: 140600.Павлодар облысы, Качир ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі 124 үй.
Качир ауданың білім беру бөлімінің конкурстық комиссиясы.
Анықтама телефоны: 23-8-49, 21-2-61, факс 21-4-16.
Качир ауданының білім беру бөлімінің сайтында хабарландыру орналастырылған