Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

«Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

on .

«Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

Жалпы ережелер

 

  1. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тереңкөл ауданының аумағында білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы мен мөрi және мөртаңбалары, белгiленген нысандағы бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. «Тереңкөл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
  8. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
  9. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140600, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 243.
  10. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
  11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы - «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, орыс тілде коммунальное государственное учреждение «Отдел образования района Тереңкөл».
  12. Мемлекет Тереңкөл ауданы әкімдігінің тұлғасында «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
  13. Осы Ереже «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  14. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  15. Орталықтандырылған бухгалтерия қызметін жалпы басқару Тереңкөл ауданының білім беру бөлімінің басшысымен бекітілген «Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясы туралы» ережесімен реттеледі.
  16. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

          Егер «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

  1. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
  1. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
  2. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсаты: білім беру саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және Тереңкөл ауданында білім беруді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.
  3. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні: білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты аудан деңгейінде жүзеге асыру болып табылады.
  4. Міндеттері:

          1) ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

          2) жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;

          3) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;

          4) белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

          5) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;

          6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;

          7) білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру;

          8) қоғам мен экономикалық қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;

          9) жалпы оқытудың, жұмыс орны бойынша оқытудың және еңбек нарығының қажеттері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ететін және әркімге білім мен біліктілікке негізделген жеке әлеуетін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін өмір бойы дамыту;

          10) білім алушылардың кәсіптік ұмтылысын қамтамасыз ету;

          11) жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен белсенді өзара іс-қимыл арқылы техникалық және кәсіптік білім берудің озық қарқынмен дамытылуын қамтамасыз ету;

          12) мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алуына арнайы жағдайлар жасау.

  1. Функциялары:

          1) білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

          2) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастырады және солармен қамтамасыз етеді, олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;

          3) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;

          4) мектеп жасына дейiнгi және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, олардың орта бiлiм алғанға дейiн оқытуды ұйымдастырады;

          5) арнайы және мамандандырылған жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту және балаларға арналған қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізеді;

          6) аудан деңгейінде жалпы білім беретін пәндер бойынша мектептің ғылыми жобалар олимпиадасы мен конкурстарын, орындаушылар конкурсын

және кәсіби шеберлік конкурстарын, мектеп олимпиадаларын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;

          7) бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруды және кадрларды қайта даярлауды ұйымдастырады;

          8) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді, оларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

          9) білім беру саласының уәкілетті органдарына өтінімдерге сәйкес одан әрі жұмысқа орналастырумен ауылдық жерде кадрлар қажеттілігі туралы өтінімдер ұсынады;

          10) білім беру мониторингісін жүзеге асырады;

          11) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;

          12) мемлекеттік білім беру ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

          13) мектепалды даярлықтың, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алуды және жеткiзудi ұйымдастырады;

          14) жергілікті атқарушы органға мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекіту бойынша қаулы жобасын ұсынады;

          15) аудан деңгейіндегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;

          16) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасынан төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiне және жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемдi талап ететiн отбасылардан шыққан балаларға және бiлiм беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлерге жалпы бiлiм беретiн мектептердi ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;

          17) балаларға әлеуметтік инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысады;

          18) ақпараттандыру және кеңестер өткізудің тәртібін, баланың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды анықтайды;

          19) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мүлкінің сақталуы мен пайдалануына бақылауды жүзеге асырады;

          20) мектепке дейінгі ұйымдарды және интернаттық ұйымдарға жатпайтын орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

          21) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алулар жүргізу үдерісінде конкурстарды ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асырады, бұл мақсатқа бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына бақылауды жүзеге асырады;

          22) ауылдық жердегi бiлiм беру ұйымдарына жұмыс iстеуге келген жас мамандарды тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

          23) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасыларына қажеттi әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;

          24) аудан әкімі тапсырмаларының, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің орындалуын ұйымдастырады және орындайды;

          25) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланысты орнатады және дамытады;

          26) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға әдістемелік көмек көрсетеді;

          27) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және білім беру объектілерінің қаржы-шаруашылық қызметін ішкі бақылауды жүзеге асырады;

          28) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби құзыреттіктеріне аттестаттау жүргізеді;

          29) «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда азаматтардың білім мәселелері бойынша ұсыныстарын, өтініштерін, арыз - шағымдарын уақытында қарастыруды қамтамасыз етеді;

          30) білім беру ұйымдарының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді;

          31) халыққа мемлекеттік қызметтер реестіріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

          32) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

          1) аудан әкімі мен әкімдігіне дамудың негізгі бағыттары, білім беру саласындағы мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды қарастыруға енгізу;

          2) мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;

          3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;

          4) «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүдделерін барлық мемлекеттік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сонымен қатар құқық қорғау органдарында және сотта ұсыну;

          5) өз құзыретілігі шегінде келісімдерді, шарттарды жасау;

          6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

  1. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

  1. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  2. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тереңкөл ауданы әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
  4. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

          1) аудан әкімдігінің «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітуіне және өзгерістер мен толықтыруларды енгізуін ұсынады;

          2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

          3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетеді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

          4) «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;

          5) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

          6) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге ұйымдарда меншік нысанына қарамастан «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;

          7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

          8) «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

          9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

          10) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;

          11) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын ынталандыру, тәртіптік жауапкершілікке тартуды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады;

          12) «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жібереді.

          13) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді.

          14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

«Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
  2. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен тиісті саладағы уәкілетті орган (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.
  3. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен және ұжымдық шартпен белгіленеді.
  1. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкi

  1. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

          «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
  1. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)
  1. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.
  1. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

  1. «Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынандай ұйымдар бар:

          1) «Тереңкөл ауданының әкімдігінің, Тереңкөл ауданы білім бөлімінің оқушылар үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

          2) «Тереңкөл ауданының әкімдігі, Тереңкөл ауданы білім бөлімінің музыкалық мектебі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

          3) «Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының А.Н. Ёлгин атындағы № 1 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          4) «Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының А. Текенов атындағы № 2 орта жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          5) «Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының Қатша Оспанова атындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          6) «Тереңкөл ауданының Песчан № 1 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          7) «Тереңкөл ауданының № 2 Песчан жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          8) «Тереңкөл ауданының Байқоныс жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          9) «Тереңкөл ауданының Қызылтаң жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          10) «Тереңкөл ауданының Береговая жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          11) «Тереңкөл ауданының Ивановка жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          12) «Тереңкөл ауданының Львовка орта жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          13) «Тереңкөл ауданының Бобровка жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          14) «Тереңкөл ауданының Октябрь жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          15) «Тереңкөл ауданының Воскресенка жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          16) «Тереңкөл ауданының Трофимовка жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          17) «Тереңкөл ауданының Березовка жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          18) «Тереңкөл ауданының Федоровка жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          19) «Тереңкөл ауданының Калиновка жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          20) «Тереңкөл ауданының Фрументьевка негізі жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          21) «Тереңкөл ауданының Жаңақұрылыс ауыл округінің Тегістік жалпы білім беретін негізі мектебі» мемлекеттік мекемесі

          22) «Тереңкөл ауданы Бобров ауылдық округінің Жасқайрат негізі жалпы білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          23) «Тереңкөл ауданының Тілеубай негізгі жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          24) «Тереңкөл ауданы Октябрьск ауылдық округінің Первомайск жалпы білім беру негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          25) «Тереңкөл ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округінің Жаңақұрылыс жалпы білім беру негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          26) «Тереңкөл ауданының Зеленорощинск негізгі жалпы білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          27) «Тереңкөл ауданының Ынталы жалпы білім беру негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          28) «Тереңкөл ауданының Береговой ауылдық округінің Осьмерыжск жалпы білім беру негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі;

          30) «Тереңкөл ауданы Песчан ауылдық округінің Қарасуық бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі.

BannerFans.com
BannerFans.com