Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Тарихнама

Бастауға қосу

            2014 жылда Качир ауданының тарих, қазақ тілі, орыс тілі мұғалімдері «ХХ ғасырдың басынан аудандық мектеп директорларының хронологиясы» жобасының әзірлеуімен айналасты. Бұл жұмыс уақытты, мүдделі, халықтың, ауылдың, облыстың, жалпы мемлекеттің тарихына немқұрайды қарамайтын адамдардың зор жігерлігін  талап етті. Шағын топтарға бөлініп, аудандық мұрағатында материалдармен дәл жұмыс істеп, күзетшілермен әңгімелескеннен ақпарат алған, ХХ ғасыр басындағы құнды мәліметтерін «аулаған», ауылдастарының есінде болмаған қызықты мәліметтерді тауып алған мектеп мұғалімдерінің еңбектері жемісті болды. Бүгінгі таңда біз Федоровка жалпы білім беретін мектебінің материалдарынан үзінділерін жариялаймыз. 

  Г. Раисова, аудан білім беру бөлімінің әдіскері

Федоровка ОЖББМ тарихы

          Біздің ауыл аудан орталығынан 40 шақырымдай орманды дала аймақта     созылып жатыр. Ауылымыз үлкен әрі әдемі және құрылғанына 110 жылдан астам уақыт өтті. Мектеп ауылдың басты мекемесі болғандықтан, сол жайлы айтқымыз келеді.

      Мұрағат деректері бойынша Федоровка ауылында бастауыш сыныптың нақты ашылу кезеңі жоқ, бірақ оның 1907-1910 жылдар аралығында ашылғаны жайлы бірнеше құжаттар растайды. Алғашқы жеті жылдық мектеп 1917 жылы ашылған. 1929 жылы Федоровкаға Осьмерыжскіден ағаш үйлер әкелінді. Олардың бірі-мектеп, екіншісі-бала-бақша, үшіншісі - аурухана болды. Бірақ 1940 жылы өрттен жанып кетті. Бұл  мектептің директоры Пованицын Константин болды. Осы мектепте Федоровка, Ярославка, Калиновка, Конторка, Трофимовка және Фурментьевка ауылдарының балалары білім алды. 1935 жылдан бастап Федоровка ауылындағы мектеп он жылдыққа айналды.

            Алғашқы мектеп шіркеу маңында ашылған еді. Ол 4 сыныпты бастауыш мектеп болған. Ауыл балалары ағаштан жасалған ұзын үстелде, орындықтарда отырып, тіл дамыту, математика негіздері, құдай заңынан сауаттарын ашты. Балалардың жас ерекшеліктері әр түрлі болды. Ең басты мақсат-олардың сауаттарын ашу еді.

Ауылдастарымыздың  есінде мектеп орналасқан үш ғимарат болған. Ауылдың пешпен жағылатын үлкен үйлердің қабырғалары саманнан, қамыстан жасалып, төбесі шифрмен қапталды. Сол үйлердің үлкен голандка пештері ағашпен жағылды. Мектепке ағаш және басқа заттар әкелу үшін жеке ат көлігі болды. Оған арналған мектеп жанында ат қора салынды және онда қараушы қызмет етті. Кейін бұл ғимараттың бірінде-шеберхана сыныптары, екіншісінде–интернат, үшіншісінде АКТУ -140 орналасты. Кәсіби сыныптардың жиһаздары қарапайым болды. Ауыл өсіп-дамып, дүние есігін ашқан балалар саны көбейді. Сол себепті, ескі мектеп 2 ауысымда жұмыс істесе де, балалар мектепке сыймады. Себебі, әр сыныпта кем дегенде 40 оқушыдан болды. Мектепте әр  жылда орташа санмен 800-1000 бала дәріс алды. 1959 жылы бір қабатты, спорттық залымен үлкен жаңа ғимарат салынды. Осы мектеп 1960 жылы ашылды. Ғимаратты  салуға ауыл адамдарының түгелі қатысты. Әрбір ұйым мектеп салу үшін бригадалар құрды және ата-аналар, ұстаздар көмек көрсетті. Қабырғалары қамыстан жасалған үлкен терезелі мектеп жылы болды. Жылыту бөлмесі бөлек орналасқан. Бұл мектепте Федоровка ауылының және жақын арадағы – Конторка, Воронцовка, Қаратал, Ярославка, Қызыл-ту  ауылдарынан балалар келіп оқыды. Жақын арадағы ауылдарда бастауыш мектеп қана , ал Контрока ауылында сегіз жылдық мектеп болды. Оқушыларды сабаққа күнде әкеліп отырды, бірақ күзде және көктем айларында оқушылар мектеп интернатында тұрды.

Мектептің  аумағын  өз күштерімен көркейтті. Ауласына ағаштар отырғызылып, спорт алаңдары тазаланды. Мектептің ауласында мұғалімдер мен оқушылар алма, өрік, таңқурай, қарақат, шие және құлпынай ағаштарын отырғызды. Бақшаның ортасында қазылған құдықтың суымен ұлдар мен қыздар өсімдіктерді суарды. Бақша мектептің мақтанышына айналды. Өйткені, бақша жемістерін кептіріп, қыста мектеп асханасында шырын әзірлейтін. Бақшада еңбек еткен барлық оқушыларды  марапаттады. Осы марапатты күзде лездемеде табыс ететін. Осы шаруашылықты биология пәнінің мұғалімі Виноградова Раиса Тереньтевна басқарды. Райса Тереньтевна өз пәнін жақсы көретін және мамандығын шын жүрегімен ұнататын мұғалімдердің бірі болды. Ол көптеген ұрпақтарды білім нәрімен сусындатты. Олар осы күнге дейін Райса Тереньтевнаны ерекше құрметпен, мақтанышпен еске алады. Жаңа мектептің ауласындағы жылыжай ерекше мақтанышқа айналды. Жас биологтар үйірмесі көкөністердің екпе көшеттерін өсірумен айналысты. Өсірілген көшеттердің жартысын сатып, жартысын мектеп ауласына отырғызды. Және де жас биологтар табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасады. Сол биология кабинетінің жанындағы шағын бөлмеде орналасқан торларда кірпі, қоян, қарға, теңіз шошқасы өмір сүрді. Ауыл адамдары жарақаттанған, әлсіз күйдегі жануарларды әкеліп жүрді. Ал жас биологтар сол жануарларға күтім жасап, әлденген  жануарларды өз мекеніне жіберіп жүрді. Мектеп 17 жыл жұмыс істеді. Осы мектепте екі ауысымда сабақ өтсе де, орын жетпеді. Сыныптарда 35-37 оқушыдан, бір партада үш оқушыдан отырған кездер де болды. Сол себепті мектеп талаптарға сай болмады. Ауылда жаңа мектеп салу үшін совхоз директоры Свинцов Виктор Алексеевич, партия ұйымының секретары Выдрина Вера Павловна, кәсіподақ ұйымының төрағасы Щербаков Антон Алексеевич, бас есепші Рамазанов Кабек Рамазанович көп еңбек етті. Әсіресе, Кабек Рамазанович КСРО үкіметіне хат жазып,  келісім мен ұйымның жобасын және барлық құрылыс мәселесі мен қаражат есептерін ұсынды.

Мектеп Федоровка ауылының орталығында орналасқан, 550 оқу орнына арналған. Мектептің ашылу салтанаты 31 тамызда 1977 жылы өтті. 1977 жылдан бастап 1982 жылыға дейін мектеп директоры Жуковский БорисИосифович басқарды. Ол талантты адам, мектеп үшін көп іс-әрекет жасады.

Мектептің жаңа ғимараты аяқтау үшін аса көп уақытты және еңбекті сұрады. Борис Иосифович оқушылар ұжымын ұйымдастырып, әсіресе ұлдармен көптеген еңбек және көрме үйірмелерін ашты. Барлық мектеп ғимаратын әшекейледі. Дүкеннен ағаш жәшіктерді жинады, оларды ақысыз алуға болатын. Жәшіктерді кейін зімпаралы қағазбен,  қыздырылған бақыр трафаретпен тақтайшаларды тегістеп және ақырында тақтайшалар лақпен жамылды. Осындай тақтайшалармен мәжіліс залы, киім ілетін бөлме, мұражай әшекейленді. Жуковский Борис Иосифовичтің жетекшілігімен жас суретшілер үйірмесі батырма жасауға үйренді. Мектептің үшінші қабатында белгілі суретшілердің көрмесі болды. Оны мектепте мақтанышпен «Біздің Третьяковка» деп атайтын. Оқушылар ағаш және темір ауқымдарды дайындауға үйренді. Сол кездері сабаққа деген талап қатаң болды. Оқуды нашар, тырыспай оқитын оқушыларды екінші жылға қалдырды. Сондықтан да оқушылардың білімдері іргелі және берік болды. Түлектердің  көбі пәндерден үш деген баға алса да, жоғарғы оқу орнына түсіп, оқуларын жақсы бітірді. Түлектердің көбісі ауылда қалып, мектепке мұғалім болып жұмыс істеді. Олардың ішінде ескі мектепте жұмыс істеген мұғалімдер мен директорлар да мақтан тұтатын оқушылар болды. Олар: Сальников Григорий Михайлович, Сергеев Александр Евгеньевич, Тыртышный Федор Михайлович, Сагадатов Асхат Сагадатович. Барлық өмірлерін педагогикалық қызметке арнаған Қазақстан ССР үздік  ағартушылары: химия, биология пәнінің мұғалімі-Жуковская Маргарита Михайловна, химия, биология пәнінің мұғалімі-Человская Нина Яковлевна, математика, физика пәнінің мұғалімі-Зибельнагель Виктор Эдуардович, филолог-Лихонина Зинаида Константиновна, биология пәнінің мұғалімі-Виноградова Раиса Терентьевна, физика пәнінің мұғалімі-Рубцов Виктор Васильевич, бастауыш сынып мұғалімі-Змеева Александра Архиповна, бастауыш сынып мұғалімі-Коваленко Александр Ильинична, математика пәнінің мұғалімі-Алиманова Людмила Викторовна. Бұл мұғалімдер өз пәндерін жетік меңгерген, терең  білімді болды. Олардың дарындылығы, білгірлігі, шығармашылық потенциалдары барлық балаларды таң қалдырды және түлектердің естерінде қалды.

1977 жылы Федоровка ауылының Школьная 5 көшесінде үлгі ғимаратта 550 оқу орнға  арналған үш қабатты тұратын Федоровка орта жалпы білім беру мектебі пайдалануға тапсырылды. Бұл мектепті басқарған директор Жуковский Б.И. Ол өзінің әділділігімен, қаталдығымен ерекшеленді. Ауыл тұрғындары және әріптестері оны сыйлады. Ол мектептегі өзінің барлық оқушыларын білетін. Ілтипатты, жігерлі және қатал талап етуші директор болды.

Мектеп  шағын мемлекет сияқты, ал оны  басымдылық етуші оқушылар мен мұғалім-тәлімгерлер. Ұстаздар қаншама балаларға үлкен өмірге жол ашты. «Барлығымыз біз балалық шақтанбыз» және де біз барлығымыз туғаннан мектептенбіз, сондықтан мектепті жайдан жай екінші үйіміз деп айтпаған. Бірінші сыныптың әрқайсысын «Алғашқы ұстаз» бастауыш сынып мұғалімі қарсы алады. Шабанбаева Сақыпжамал Несіпбаевна, Паталашко Людмила Эдуардовна, Михайличенко Юлия Васильевна және басқа да көптеген ұстаздар туралы көп жақсы сөздер айтуға болады. Олардың барлығы кішкентай бүлдіршіндермен көптеген жылдар бойы жұмыс атқарды. Олар мақтау қағаздармен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаталынды. Барлық түлектер бұл ұстаздарды әлі де естерінде сақтап жүр. Математика пәнінің мұғалімі Алиманова Людмила Викторовна 1966 жылы біздің мектепті бітіріп, Павлодар педагогикалық институтінің сырттай бөліміне оқуға түсті. Сырттай оқып, біздің мектепте жұмыс істей бастады. Бүгінгі күнге шейін оның еңбек өтілі 40 жылдан астам. Жаңашыл-ұстаз, 2005 жылы математика кабинетінің негізінде шығармашылық лаборотория ашты. 2006 жылдың мамыр және желтоқсан айында 2 Облыстық конференция өткізілді. Конференцияның жұмыс барысында Людмила Викторовна  ашық сабақтар көрсетіп, сыныптан тыс іс-шаралар  өткізді.  Мұғалімдер оның соңғы 6 жыл ішінде жиналған жұмыстарының мол әдістемелік материалдарымен танысты. Оның оқушылары «Біз Алимановадан білім аламыз» -деп мақтанышпен айтатын. Людмила Викторовнаның түлектерінің ішінде де математика пәнінің мұғалімі болғандар да бар. Олар: Н.Генкель, А.Рахимбердинова, В.Коваленко, Р.Жунусова, Д.Саттарова.

       Сол  жылдары қатал, даналы, ақылды, көп білетін адамдар қызмет етті. Бастауыш сынып мұғалімі жан-жақты болу керек. Өйткені, ол балаларды барлығына үйретеді: математикаға және сауаттылыққа, түймені қалай дұрыс қадауына және өз киімін ұқыпты ұстауына. Ол барлық сұрақтарға жауап бере алатын мұғалім болу керек. Ең бастысы, ол білімнің және білудің негізін қалаушы, алда «ғимарат»-білімді, жан-жақты  дамыған адам. Бастауыш сынып мұғалімі Паталашка Людмила Эдуардовна оқушылармен 40 жыл  жұмыс атқарды. Басқа да бастауыш сынып мұғалімдері сияқты ол ылғи жинақы, ұқыпты, сыпайы оқушыларының екінші анасы болды. 1966 жылы Павлодар педагогикалық училищесін аяқтап, өмір бойы ең кішкентай бүлдіршіндермен  жұмыс істеді. Ол өте жауапты, білімді, қамқорлықпен өз балаларына білімге деген сүйіспеншілікті және еңбек дағдыларын қалыптастырды. Людмила Эдуардовна ата-аналармен тығыз байланыста болып, оқушыларында адалдықты, әдептілікті, өзіне деген сенімділікті тәрбиеледі. Оның бұрынғы түлектері өз балаларын сенімділікпен мейірімді алғашқы ұстаздарына әкеліп жүрді.

1983 жылдан 1994 жылға дейін мектеп директоры Вайгант Владимир Иванович қызмет істеді. Оның басқару кезінде  мектеп алғашқы копьютерлермен жабдықталды. 1991-1992 оқу жылында мектепте мемлекеттік тілде оқытатын бірінші сынып ашылды. Алғашқы мұғалім Шабанбаева Сакыпжамал Несибаевна, сыныпта 6 оқушы болды. Келесі жылы Байжунусова Ардақ Жасулановна бірінші сыныпқа 11 оқушыны қарсы алды.

1994 жылдан 1997 жылға дейін Жартаева Светлана Тлеубаевна басқарды. Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. Ол мектепте көбіне терең білім берді. Ол қаталдылықпен ерекшеленді. Осы күнге дейін оның талапқойғыштығы жайлы аңыз етіп айтылады.

1997жылдан 2000 жылға дейін мектеп директоры Беляев Олег Викторович болды. Ол дене шынықтыру пәні мұғалімі болғандықтан мектепте волейбол командасын ұйымдастырып, барлық аудандық жарыстарға қатысты және жүлделі орындарға ие болды.

1999 жылы мектеп алды тобының жұмысы басталды. Онда 5-6 жастағы балалар бірінші сыныпқа дейінгі дайындықтан өтті. Мектеп алды тобы ашылғаннан бері 200-дей бүлдіршін білім алып шықты. Мектепке дейінгі топтың балалары мектеп шаңырағында өткізілетін көптеген іс-шараларға белсенді қатысты.

2000 жылдан 2002 жылға дейін мектеп директоры Грушев Владимир Михайлович тағайындалды. Ол оқушылар мен мұғалімдердің есінде сабырлылығымен, салмақтылығымен есте қалды.

Қайта 2002- 2006 жылдар аралығында мектеп директоры болып Жартаева Светлана Тлеубаевна тағайындалды. Өмірге деген құштарлығы, жігерлігі, еңбек қорлығының арқасында ұжымды басқара білді. Оның жетекшілік еткен кезінде мектеп ұжымы мен ата-аналардың көмегімен мектептің үшінші қабаты қалпына келтірілді.2006 жылы біздің мектепте ауыл мектептерінің арасында алғашқы рет «ДДҰ жобасын енгізу бойынша «Денсаулыққа ықпал ететін мектептер» тақырыбына 6-шы облыстық конференция өтті. Конференцияға директорлар және «ДЫЕМ» үйлестірушілер, білім бөлімінің, білім беру басқарманың, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары қатысты. Конференция қатысушылары 6 секцияның жұмысын көрді. Облыстық конференцияны өткізуге белсенділік көрсеткен валеология мұғалімі Бойко Надежде Павловна, ол «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты акциясы өткізді. Надежда Павловна шығармашылығы мол адам, ертегі сценарийін, ойындарды өзі жазды.

2006 жылдың желтоқсан айында Федоровка ЖОББМ мұғалімдері өздерінің озық педагогикалық тәжірбиелерімен алмасты. Ол конференцияға аудан мұғалімдері, БҚ БАИ, аудандық әдіскерлер қатысты.

Осы конференцияда математика мұғалімі Алиманова Людмила Викторовна, валеология мұғалімдері Бойко Надежда Павловна, Хавдкей Хурметхан, бастауыш сынып мұғалімі Шабанбаева Сакыпжамал Несибаевна ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп, өз тәжірибелерімен алмасты.

2003 жылдан бастап мектеп «Денсаулыққа ықпал ететін мектеп» жоба бойынша жұмыс істейді. Мектепте күнделікті таңғы жаттығулар, қоңырауда қозғалыс ойындары өткізіледі. Күзде және көктемде «Денсаулық күні» өтеді. Оқушылар ауылдың саябағында ойын ойнап дем алады. Денсаулықты сауықтыру және нығайту үшін итмұрынды жинап, кептіріп, қыста асханада емдік қасиеті бар шипалы шай демдеді. Светлана Телубаевнаның атымен көптеген оқиғалар байланысты. Атап айтар болсақ, «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп телімі бөлініп, мектеп ауласы көркейтілді. 2006 жылдан бастап біздің мектепте  «Жасыл ел» бағдарламасы жұмыс істеп келеді. Көктемде мектеп түлектері ақ кайың, қарағай ағаштарын отырғызады. Осы жасыл орманға оқушылар мен мұғалімдер күтім жасайды. Жыл сайын мектепте гүлзарлар дайындалып, 38-40 гүлдердің түрлері салынып күтіледі. Мектеп бақшасында көкөністер саламыз да (сәбіз, қызылша, картоп), осылайша мектеп асханасын қамтимыз.

2006 жылы «Жасыл ел» бағдарламасы аясында облыстық сайыста біздің  мектеп 1 орынға ие болды. Осы жұмыс барысында оқушылардың тәртібі, талабы, білім сапасы көтерілді. Өкінішке орай, біздің мектебіміз осындай жарқын тұлға үшін соңғы жұмыс орны болды. 2006 жылы жол апатына ұшырап, мәңгілік  сапарға аттанды.  

2007жылы дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған Куставлетов Ерик Баянович мектеп директоры қызметіне тағайындалды. Ол 2013 жылға дейін жұмыс жасады. Болмысынан жауапкершілігі мол, өз ісіне адал адам. Оның қызметі кезінде биология, физика кабинеттері жаңа жиһаздармен, оқытудың техникалық құралдармен жабдықталды. 2007 жылы «Жасыл ел» облыстық сайысында «Жасыл ел» номинациясын жеңіп алдық.2008 жылдың қыркүйек айында мектеп жанындағы «Бөбек» шағын орталығы ашылды. Шағын орталыққа 3-4 жастағы балалар қабылданды. Шағын-орталық балалары аудандық «Бүлдіршін» сайысының номинаттары атанды. Өзі дене шынықтыру мұғалімі болғандықтан, спорт саласына көп көңіл бөлді. Волейбол жарысына қатысып, мектеп намысын қорғау үшін өз үлесін қосты. Мінезіндегі коммуникативтік қасиетінің арқасында Качир және Железинка аудан мектептерінің  арасында велоспорттан жолдастық кездесу ұйымдастырды. 2008 жылы мектеп оқушылары «Павлодар өңірі –достық пен бірліктің аймағы» облыстық сайысқа қатысып дипломмен және естелік кітаптармен марапатталды. Бұл мектептің қуанышты оқиғасы мен мақтанышы. 2009 жылы «Балалар үшін ең әдемі, шырайлы мектеп» облыстық сайыста  3 орын иегері. 2010 жылы «Дені сау мектеп» республикалық сайыста 2 орынға ие болды. 2011 жылы мектеп ұжымы аудандық сайыстарда «Мектеп жанындағы ең үздік лагерь», «Ең үздік кіші-орталық» 1 орындарды иеленді.2012 жылы «Дені сау мектеп» облыстық сайыста Салауатты өмір салты орталығының департаменті алғыс хатпен марапаттады. 2013 жылдың мамыр айында Ерик Баянович Федоровка ауылдық округінің әкімі тағайындалып мемлекеттік қызметке ауысты.

2013 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мектеп директоры Кайкенова Алия Адамовна басқаруда. Білімі бойынша орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. Мектепте оқу-тәрбие жөнінде директірдің орынбасары болып жұмыс істеді. Өзі көшбасшылық, ілтипатты, талап еткіш қасиеттеріне ие. Мектепте татулық, шығармашылық атмосфера орнатылды. Мектеп өз дәстүрлерін әлі де жалғастыруда, халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі сайыстарға қатысып жүрді және әлі де қатысады. Мұғалімдердің мақалалары бұқаралық ақпараттарда басылуда. Мұғалімдер мен оқушылар қашықтық олимпиядаларға әрқашан қатысады. Жоспар бойынша әдістемелік жұмыстар жүргізіледі.Жоспар бойынша әдістемелік жұмыстар өтеді. Педагогикалық және әдістемелік  кеңестер өткізіліп, үш әдістемелік бірлестік жұмыс істейді. Мұғалімдер өз білімдерін біліктілік курстарында көтереді, деңгейлік курстардан өтеді. Бүгінгі күні мектепте 22 оқу кабинеттері бар, олардың 6 жаңа жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қоса информатика кабинеті  (конфигурация 10+1), интерактивті тақта, лингафон, өзін-өзі тану, еңбек, АӘД кабинеттері, шеберхана, 120 орынды мәжіліс залы, медицина кабинеті, кітапхана, спортзалы, спорт алаңы, стадион, 90 орынды асхана, барлық жабдықтармен жабдықталған, 100% ыстық тамақпен қамтылған.

Мектептің үшінші қабатында кітапхана орналасқан, оның жалпы ауданы 62 кв.м. Кітапханада оқырмандарға арналған 12 орын және оқу кітаптарының қорын сақтайтын бөлме бар. Жалпы кітапхана қоры 4819 дана. Оқулықтар – 4394 дана. Электронндық оқулық – 157 дана. Кітапханашы кітапхана сабақтарын, ауызекі журналын, викториналар, әдебиеттермен таныстыру және кітаптар көрмесін өткізеді.

Соңғы жылдары оқушылардың ғылыми жұмыстарына көп көңіл бөлінеді. 2013 жылы Махсатхан Меруерт облыстық ғылыми жобалар байқауында «Ең үздік презентация» номинациясы бойынша сертификатпен марапатталды. 2014 жылы 10 сынып оқушысы Садыков Мейирбек математика пәні бойынша аудандық ғылыми-практикалық байқауда «Көбейту амалының қолдану аясы» ғылыми-зерттеу жұмысымен І орынға ие болды. География пәнінің мұғалімі Садыкова Махаббат Сембаевна облыстық «Өлкетану бойынша ең үздік арнайы курс» байқауында І орынға ие болды. Халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық сайыстарда жүлделі орындарға ие болатын мұғалімдер мен оқушылар мектеп мақтанышына айналды. 2013 жылы «Адам және табиғат»  халықаралық ойын сайысында 4 сынып оқушысы Кайкенова Данель 1 орын, мұғалімі: Садуакасова Зияда Темирбековна,3 сынып оқушысы Жакибаев Диас ІІІ орын, мұғалімі: Камзина Ажар Бауржановна. 6 «а» сынып оқушысы Максатхан Батырбек Махамбет оқулары облыстық сайысында жүлделі 1 орынға ие болды.облыстық сайыс «Зерде» ғылыми жобасында Хурметхан Малике «Тарих тарланы» номинациясына ие болды, мұғалімі Камзина Ажар Бауржановна. «Менің Отаным - Қазақстан» облыстық ғылыми-практикалық конференциясында Сасько Вадим «Қазақстанның жайлауларын сақтайық» тақырыбы бойынша «Новизна исследования» номинациясын, Горшанова Людмила «Шаг в науку» номинациясымен марапатталды. 2014 жылы 7 сынып оқушысы Махсатхан Батырбек облыстық «Менің президентім – менің елім» атты жас ақындар сайысыда 2 орынды иеленді. Тарих мұғалімі Сипатова Алия Госмановна жоғарғы шеберлігі және біліктілігі үшін Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің екінші /негізгі/ деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсында республикалық мадақтамамен  марапатталады.

Мектептің тәрбие жұмысы патриоттық, азаматтық және салауатты өмір салтына бағытталған. Мектеп ДДҰ «Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп» жобасы бойынша үздік. Әр кезеңде мектептің спорттық өмірі бірде белсенді болса, бірде бәсеңдеп қалып отырды. 80-ші жылдары дене шынықтыру мұғалімі А.А.Шмик өз спортсмендерімен таңертеңгі жаттығуларды таңғы сағат 7.00 өткізді, кешкі жаттығулары сағат 10.00 аяқталды. Біздің спортшылар аудандық, облыстық, аймақтық жарыстардың жеңімпаздары болып, республикалық спорт ойын түрлерінен, жеңіл атлетикадан, шаңғыдан жүлдегерлер болды. Мектепте көп жылдар бойы «Мектеп рекордтары» стенді бар.  Мектеп дене шынықтыру сауықтыру бойынша жұмыс жасайды. Себебі, бірінші мектеп директоры Жуковский Б.И. дәстүрі бойынша жалғасын тапты. Бүгінгі таңда біздің оқушылар спорт ойын түрлері, жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, футбол, коньки және шаңғымен айналысуға мүмкіндіктері бар. Бұл балалардың жеке қабілеттерін, көзқарасын, қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Мектептің спорт секцияларына 86 % оқушылар қатысады. Заманауи талабына сай мектептің спорт залы толық жасақты және спорт мүлікпен, тренажерлермен жабдықталған. Оқушылар баскетбол, волейбол, футбол, теннис, жеңіл атлетикадан спорттық жарыстарға белсене қатысады. Қыркүйек айында дәстүрлі  «Алтын күз» кроссы, Денсаулық фестивалі өтеді. Оқушылар спорттық үйірмелер мен секцияларда дәріс алуда. Ауданда оқушылар баскетболдан, президенттік тесттен, теннистен, шахматтан, шашкиден, тоғыз құмалақтан, мини-футболдан және жеңіл атлетикадан жүлделі орынға иеленуде. Біздің мектептің оқушылары мектептің және ауданның спорттық өмірінде белсенді қатысады. 2013 жылы ІІІ облыстық «Дені сау мектеп» сайысында лауреат атандық. Мектепте спортпен оқушылар ғана емес, үлкен адамдар да шұғылданады, оның ішінде, волейбол, шаңғы, үстел теннисі, шахмат, шашки, тоғызқұмалақ, қарудан ату т.б. Осы спорттың барлық түрлерінен жүлделі орындар ұтып алып жүрміз. Атап айтсақ осы жылы аудандық білім беру қызметкерлерінің волейболдан жарыс 2 орын, құрама командасы Куставлетов Ерик Баянович, Беляев Вячаслав Викторович, Зураев Валерий Сулейманович, Гизбрехт Анатолий Генрихович, Фелькер Анна Владимировна, Садыкова Махаббат Сембаевна. Мектеп өзінің жас келешек әскерлерін мақтан тұтады. Жыл сайын 10 сынып оқушылары әскери жиындарға қатысады. 2013 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған патриоттар клубтар арасындағы сайыста канатты тартудан 2 орынды жеңіп алды.

Мектепте көп жыл бойы пионерлер ұйымы жұмыс істеді. Пионерлерде ылғи көп жұмыстары болатын. Жылдар өтті, Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін ұйымдардың атаулары өзгерді. 2003 жылы 5-7 сынып балаларын біріктіретін «Құлагер» балалар ұйымы жұмыс істей бастады. Балалар семинарларға, слеттерге қатысты. Ардагерлерге және жалғыз тұратын қарттарға көмектесті. Балалар өлеңдер, билер сайыстарына белсенді қатысты. 2011 жылы бұл ұйым атауы «Жас Ұлан» деп өзгертілді, ол 5-11 сынып оқушыларын біріктіреді. Олардың қанаты «Жас Қыран», оған 1-4 сынып оқушылары кіреді.

Бірнеше жыл жұмыс жасаған  әрбір мектеп  өзінің дәстүрлерімен ерекше көзге түседі. Олар 1 қыркүйек пен 25 мамырға арналған салтанатты мерекелік лездеме, апта сайынғы тақырыптық лездемелер,  тазалықтар, мектеп кештері және түлектер кеші, түлектермен кездесу кеші. Бастауыш сынып оқушыларының жазғы демалысы  біз үшін дәстүрге айналды. Олар мектеп жанындағы «Сәулелер» лагерінде дем алады. Бір айдан аса балалар денсаулығын нығайтып, экскурсияларға барады. Тәрбиешілер балалардың демалысты қызықты өткізулерін қамтамасыз етіп, жаңа оқу жылына  күш-қуаттарын жинағанын қадағалайды. Ұядан ұшырған түлектерімізді мақтан етеміз. Олар біздің мектептің әрқашанда қалаулы түлектері. Мектептің дәстүрін сақтай отыра, мәжіліс залында жыл сайын ақпан айының бірінші сенбісінде әртүрлі жылдардың түлектері түлектер кешіне жиналады. Мектеп ұжымы және оқушылар мерекелік іс-шараға дайындалады. Кәсіби бейімділік жұмысты ұйымдастыру мақсатында Качир ауданының «БЖСМ», ПҚ БАИ, ИнEУ, ПМУ, Качир агротехникалық колледжі. 

        Біздің мектеп жайлы көп нәрсе айтуға болады. Көптеген тарихи оқиғалар мұғалімдер мен оқушылардың естерінде сақталған. Біз шын жүректен осы мектеп тарихын жазуға көмектемкен жандарға алғысымызды білдіргіміз келеді.

     Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз.Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек!  Мектебім, менің мектебім... Бұл менің отбасым, менің үйім, менің шағын өмірім... Алда не күтіп тұр? Алда жаңа жаңалықтар мен күтпеген жағдайлар, оқиғалар мен білім бұлағы... Алда жай кішкентай, жоқ, ұлы мектеп өмірі...

BannerFans.com
BannerFans.com