Нашар көретіндерге арналған нұсқа

feed-image rss
«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Білім беру бөлімі басшысының блогі

Билялова Ж.Қ.- Качир ауданының білім беру бөлімінің басшысы.

Біләлова Жайнат Қалиқайдарқызы 1973 жылы тамыздың 6-сы Качир ауданының Тегістік ауылында дүниеге келді.

Білімі жоғары: 2004 жылы Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиет  мұғалімі мамандығы бойынша бітірді.

1993 жылдан бастап Баянауыл ауданының Торайғыров ат.  орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарды. 2001 жылдан бастап Павлодар қаласының Ы. Алтынсарин ат.  орта мектепте мұғалім ретінде еңбегін жалғастырып, 2004-2006 жылдары Качир ауылындағы Қ. Оспанова ат. №3 орта мектебінде  оқу ісінің меңгерушісі болды. Кейін Качир ауданың білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі және Павлодар облысының білім басқармасында бас маман болып,  Качир ауылындағы Қ. Оспанова ат. №3 орта мектебінде директор қызметін атқарды. 2015 жылдың сәуір айынан бастап Качир ауданының білімі беру бөлімінің бастығы қызметін атқарады.

 

 

Азаматтарды қабылдау уақыты: сағат 9-дан 18-ге дейін, телефон: 8(71833) 2-14-16

Құрметті  қонақтар!

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.

Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады.
 
Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.
 
Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
Алия 16.11. 2016 жыл

Сәлеметсіздер! Менің  білгім  келгені- жеке бала- бақша ашу үшін міндетті түрде білімі педагогикалық болу керек па?

Білім беру бөлімінің басшысы Біләлова Ж.Қ.

 

Сіздің 2016 жылғы 16 қарашадағы (Качир ауданының білім беру бөлімінің сайтына түскен) өтініміңізге «Качир ауданының білім беру бөлімі» ММ келесіні хабарлайды:         Балабақшаны ашқанда құрылтайшының педагогикалық білімі болуы міндетті емес. Егерде құрылтайшы  ары қарай осы мектепке дейінгі мекеменің басшысы болатын болса педагогикалық білім алуға міндетті.

 

Айдос Аман 07.06.2013 19:23

Құрметті білім беру ұйымының басшысы, сайт жақсы жасалған, сәттілік тілей отыра алдағы уақытта "БАЛАПАН" бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан және мектепке дейінгі оқу-тәрбие жұмыстары жайлы, мемлекеттік тілді дамыту, мектептер тынысы жайлы көбірек болса деген тілегім бар.

Білім беру бөлімінің басшысы С.Сәдуақасова

07.06.2013 20:40

Сәлеметсізбе Айдос Аман! Сізге біздің сайт ұнағанына өте қуаныштымыз! Сіздің тілегіңізді есте сақтап, "БАЛАПАН" бағдарламасы бойынша және ауданның білім беру жүйесінің басқа жетістіктері туралы мақалаларды жариялайтын боламыз!

Ербол 04.09.2014 09:56

Сәуле Рашитқызы Сізге газет оқырмандары мынадай сауал жолдайды?
- ауданда жеке меншік балабақша ашу үшін қандай талаптар бар?
- Жеке меншік бала бақшаны кез-келген ауылдан ашуға бола ма?
- Ауылда жеке меншік балабақша ашу үшін тұрғын үй қандай талаптарға сай болу керек және педагогикалық мамандық міндетті ме?
Мемлекет қанша пайыз ақша төлейді?

16.09.2014 10:45

«Качир ауданының білім беру бөлімі» ММ, Сіздің жекеменшік балабақша ашу жөніндегі өтінішіңізге келесіні хабарлайды:
Жекеменшік балабақша өз қызметін 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР «Білім беру туралы» Заңына сәйкес жүзеге асыратын, мектепке дейінгі ұйымының талаптарына сай ғимараты (қоршалған аумағы бар өзіне меншікті немесе жалға алынған, жеке тұрған ,бір қабатты ғимарат) мектепке дейінгі тіркелген ұйым болып табылады.
Жекеменшік балабақша ашу үшін ҚР заңнамасы мен нормативтік актілерін білу; заңдық және жеке тұлға ретінде тіркелу; медициналық қызметіне лицензия, нормативтік және бағдарламалық-ә дістемелік материалдар тізімі қажет. Педагогтар мен тәрбиешілердің - педагогикалық, ал медицина қызметкерлеріні ң - медициналық білімі бар болу тиіс. Мектепке дейінгі (соның ішінде жеке меншік) мекемелерде балаларды күтіп-бағу үшін, мемлекет айына бір балаға 18882 теңге жұмсауда.

Білім беру бөлімінің басшысы С.Сәдуақасова

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

BannerFans.com
BannerFans.com