Нашар көретіндерге арналған нұсқа

feed-image rss
«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Олимпиада мықтыларды анықтады

Качир №1 ЖОМ-де Качир ауданының оқушыларының арасында жалпы білім беру пәндері бойынша аудандық олимпиада өтті. Мақсаты- дарынды балаларды анықтау және қолдау, олимпиадаға қатысу үшін дайындау, ғылыми іс-әрекеттерге жағдай туғызу. Олимпиадаға 22 жалпы білім беру мектептерінің 8-11 сыныптарынан 146 оқушы қатысты.

Оқушылар 2 күн бойы теориялық мәліметтер мен тәжірибелік тапсырмалады орындау білімдері бойынша сайысқа түсті. Тілдік пәндер бойынша жаттығулар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мәтінді делелдей отырып талдауға бағытталды. Математика, химия, география, информатика пәндерінің тапсырмалары дәйекті мәліметтерді, логикалық ойлау, түсініктерді анықтау және терминдерді сауатты жаза білу білімдеріне бағытталған. 

Олимпиада әділқазылары оқушылардың дайындықтарының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 9 оқушы бірінші орын алды, 29 – екінші орын, 31 оқушы – үшінші орын. Жалпы командалық есепте Песчан № 1 ЖОМ оқушылары бірінші орын алды, екінші орын - Байқоныс ЖОМ, үшінші орын – Качир № 3 ЖОМ. Жыл сайын мектеп олимпиадасының қорытындысы бойынша Песчан №1, 2 ЖОМ, Байқоныс ЖОМ педагогикалық ұжымдарының оқушылары тұрақты жоғары нәтиже көрсетеді. Олимпиада, 8-сынып оқушыларының зиялылық байқауларына қызығушылықтары артқанын көрсетті.
Бірінші орынға ие болған оқушылар, олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады. Жеңімпаздар мен олимпиада сыйлық иегерлері, оларды дайындағын мұғалімдер, Грамоталар және құнды сыйлықтар алды.

Басып шығару

Качир ауданының балалар ұйымдарының VI Құрылтайы

Качир ауданының аудандық Мәдениет үйінде 2015 жылдың 3 желтоқсанында ауданның балалар ұйымдарының VI Құрылтайы өтті. Мақсаты- өткен кезеңдегі балалар ұйымдарының іс-әрекетінің нәтижесін қорытындылау, оқушының өзін-өзі басқару рөлін көтеру, жарқын көшбасшыларды, ауданның үздік ұйымдарын анықтау.Слетке «Нұр Отан » алғашқыардагерлік партиясының төрайымы,білім беру қызметкерлерінің кеңесі бірлестігінің төрайымы Людмила Андреевна Голубцова, пионерлік қозғалыс ардагерлері Зоя Ивановна Герасименко, Качир Пионерлер үйінің бұрынғы әдіскері, Нина Петровна Князева, Бүкілодақтық пионерлер ұйымының 1975-1978 жылдардағы төрайымы қатысты. 
Құрылтайдың ашылуында білім беру бөлімінің басшысы Жайнат Қалиқайдарқызы Билялова қатысушыларға жеңіске жетулеріне тілек білдірді. Құрылтайда үздік балалар ұйымдары өздерінің өткен кезеңдегі іс-әрекеттерінің тұсаукесерін жасады. Ең жоғары жетістікке Байқоныс мектебінің балалар ұйымы жетті. Олар «Мәңгілік ел ұландары» облыстық байқау-конкурсының жеңімпаздары, «Шанс» волонтерлік отряды облыстың бес үздікотрядына енді және Республика Грамотасымен марапатталды. Мектептің балалар ұйымының паспорты облыста І орын алды, «Павлодар Ертіс өңірінің балалары» облыстық жобасының қатысушылары. Ұйым жұмысының жетекшісі тәлімгер Марина Михайловна Калимулина. Құрылтай қорытындысы бойынша Байқоныс мектебінің балалар ұйымы жеңімпаз белгісімен марапатталды.
Білім беру бөлімінің Грамотасымен Песчан №1, №2 ЖББОМ, Береговой, Октябрьск, Осьмерыжск ЖББОМ балалар ұйымы марапатталды. Пионерлер қозғалысының ардагері Н.П. Князеваның ойынша: «Балалар бірлестігі – жасөспірімдердің қоғам өміріне қатысуының маңызды формасы, ол тұлғаның әлеуметтік өмірге енуін қамтамасыз етеді. Бұл өз күші мен мүмкіндігін өзіне тән «барлау», өзін үлкендер өміріне «балау»». Құрылтайдың, Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауымен тұспа-тұс, тарихи кезеңге келуі маңызды. Өйткені балалар – Қазақстанның болашағы.

Басып шығару

М.Мұқатаев оқуларының жеңімпазы

Павлодар облысында осымен бесінші рет, облыстық Мұқағали Мақатаев оқулары өткізіліп келе жатыр. Ақиық ақынды сүйіп оқымайтын оқушы немесе кез –келген азамат жоқ шығар. Десек те, осы айтыулы шараға біздің Качир ауданынан жылма жыл оқушылар қатысып, өзіндік ерекшеліктерімен орын алып келеді. Биылғы 2010 жылы 19-шы қараша күнгі өткізілген Ү облыстық оқуларға Қ.Оспанова атындағы № 3 Качир ЖББОМ 10-сынып оқушысы Әйгерім Аманғазина қатысып, 6 кезеңнен тұратын сайыс қортыныдысы бойынша жүлделі І орынды иеленді. Ауданның намысын абыроймен қорғап келген Әйгерімге жеңісің құтты болсын, оқуда және еңбекте табыстан-табысқа жете бер деп айтамыз!

Аудандық білім бөлімінің

дарынды балалармен жұмыс

жөніндегі әдіскері                                                        Г.М.Сәдуақасова

 

BannerFans.com
BannerFans.com