«Мың бала» ауыл мектеп оқушыларына арналған республикалық Ұлттық олимпиадасы
«Мың бала» жобасы еліміздің үздік мектептерінде оқуға мүмкіндік беру үшін, ауылдық жерлерден 5 және 6 сыныптардың ең қабілетті оқушыларын анықтауға арналған.
«Мың бала» жобасы еліміздің үздік мектептерінде оқуға мүмкіндік беру үшін, ауылдық жерлерден 5 және 6 сыныптардың ең қабілетті оқушыларын анықтауға арналған.
Құрметті оқушылар! Cіздерді Елбасының El Umiti бастамасы аясында ұйымдастырылып жатқан о ұлттық олимпиадасына қатысуға шақырамыз!Бұл олимпиадаға соңғы екі жылда Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерінде тұрып жатқан 5-ші және 6-шы сынып оқушылары қатыса алады. Ұлттық олимпиаданың қорытындысы бойынша, ең үздік нәтиже көрсеткен 1000 жеңімпазға ҚР Білім және ғылым министрлігінің квотасына сәйкес, Республикалық физика-математикалық мектебінде, «Білім-инновация» лицейлерінде және «Дарын» мектептерінде білім алуға мүмкіндік беріледі.Ал олимпиаданың қалған финалистері Елбасы Академиясы жанындағы «Birge oqý» онлайн мектебінде тегін білім алу құқығына ие болады.Назар аударыңыздар! «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысушыларды тіркеу ағымдағы жылдың 24 наурызына дейін https://1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүзеге асырылады.Барлық сұрақтар бойынша 8 800 080 48 48 call-орталығына хабарласуға болады. Қоңырау шалу тегін. #1000бала
«Талбесік» бөбекжай-бақшасының педагогтары А.С. Жуманова мен К.К. Ахметова Республикалық «Үздік авторлық құрал» республикалық байқауының қорытындысы бойынша 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Аталған педагогтармен «ҚР Ұлттық кітап палатасында» «Мектепке дейінгі балалардың дидактиқалық ойын арқылы тілдерін дамыту» (әдістемелік) дидактикалық құралы әзірленіп, мақұлданды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!