Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Качир ауданы білім беру қызметкерлерінің кәсіподақтары СӨС үшін

on .

Соңғы кездері кәсіподақ ұйымдары салауатты өмір салтына көп көңіл бөледі. Бұл кәсіподақ эстафеталарын ұйымдастыру және өткізу, шаңғы жарысы бойынша сайыс, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, оқ ату бойынша жыл сайынғы жарыстар, мектептерде түрлі секциялар жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың 7 наурызы күні аудандық филиалдың бастамасы бойынша Тереңкөл ауылы Оқушылар үйінің спорт залында кәсіподақ мүшелеріне арналған фитнес орталығы ашылды. Фитнес орталықты ашу құқығы Качир ауданы білім беру бөлімінің басшысы Ж.Қ. Билялова мен Песчан № 2 ЖОМ директоры, аудандық маслихаттың депутаты, аудандық және облыстық жарыстардың жүлдегері мен жеңімпазы Н.Т. Әліповаға ұсынылды. Бұл іс-шараға мектеп директорлары, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың басшылары, білім беру бөлімінің қызметкерлері, Качир ауданының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, «Самал» ССО, Оқушылар үйінің ұжымдары және т.б. қатысты.

Бұл күні барлық тілек білдірушілерге фитнес орталығының жетекшісі, «Самал» ССО директоры Қымбат Дусембайқызы шынықтыру жаттығуларын өткізді. Ал, одан кейін дене шынықтыру нұсқаушылары спорттық конкурстар өткізді, бұл жерде жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұдан әрі біздің кәсіподақтардың мүшелері аптасына екі рет қажетті спорт құралдарымен және жаттығу құрылғысымен (тренажер) жабдықталған фитнес орталығына бара алады.

Білім беру қызметкерлерінің кәсіподақтары салауатты өмір салты үшін.

 

 

Качир аудандық кәсіподақ          

ұйымының төрайымы                                                                                                           А. Арынова

 

BannerFans.com
BannerFans.com