Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Качир ауданы білім беру қызметкерлері арасындағы 2018 жылғы XVII аудандық спартакиадасы.

on .

2018 жылғы 17 аудандық спартакиада бағдарламасында, Качир ауданы білім беру қызметкерлерінің арасында шаңғы жарысы, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі, оқ ату, волейболдан жарыстар өткізілді. Жарыстарға ауданның 37 білім беру ұйымдарынан 534 адам қатысты.

Бірінші қорытынды әйелдер арасында шахмат жарысы бойынша шығарылды, 1 орынды Федоровка мектебінен М.С. Садыкова алса, 2 орынға Львовка мектебінен М.К. Сурумбетова шықты, ал 3 орынды А. Текенов атындағы № 2 мектебінен А.С. Камиева иеленді.

Ерлер арасында 1 орынды Калиновка ЖОМ С.Қ. Сулейменов алды, 2 орынды А. Текенов атындағы № 2 ЖОМ Ж.А. Тургульдинов, 3 орынды А. Елгин атындағы № 1 ЖОМ Е.Ф. Бочаров қанжығаларына байлады.

Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны қорытындысы бойынша әйелдер арасында 1 орынға Қ. Оспанова атындағы № 3 ЖОМ Асылбек Жанбота лайық деп танылса, 2 орынға Байқоныс ЖОМ С.С. Кульбаева, 3 орынға Трофимовка ЖОМ Қ.С. Кабильдинова ие болды.

Ерлер арасында 1 орынды Трофимовка мектебінің мұғалімі Б.С. Әбдірахман жеңіп алса, 2,3 орындарға сәйкесінше Калиновка мектебінен А.Ж. Имаханов, Қ. Оспанова атындағы № 3 мектебінен Ж. Түгелбай лайық болды.

2018 жылдың 28 наурызы күні үстел теннисінен өткізілген жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында 1 орынды «Самал» ССО А.Е. Тоендыкова алды, Береговой ЖОМ А.Ж. Ерескенова 2 орынды алса, 3 орынды Львовка ЖОМ М.К. Сурумбетова жеңіп алды.

Ерлер арасында 1 орынды Д.Е. Жұмалинов Воскресенка ЖОМ,                     2 орынды Қ. Оспанова атындағы № 3 ЖОМ Т.Б. Тембаев, 3 орынды Трофимовка ЖОМ К.К. Мирманов алды.  

Оқ ату жарысы бойынша әйелдер арасында 1 орынға Федоровка мектебінен С.М. Лен иеленсе, 2 орынға А. Елгин атындағы Качир № 1 мектебінен М.Н. Бедрина ие болды, 3 орынға А.Текенов атындағы № 2 мектебінен Т.Л. Гнатына шықты. Ерлер арасында 1,2,3 орындарға сәйкесінше О.М. Бектуров Федоровка ЖОМ, В.В. Овцынов Песчан № 2 мектеп интернаты, Н.Т. Абиев А. Текенов атындағы № 2 ЖОМ ие болды.

Аудандық 17 спартакиада бағдарламасында волейбол бойынша ойын екі топта өтті, «А» тобына 126 адам, «В» тобына 36 адам қатысты.

2018 жылдың 27 наурызы күні өткізілген волейбол жарысының қорытындысы бойынша «В» тобында 1 орынды «Самал» ССО командасы жеңіп алып, оларға ауыспалы кубок табыс етілді, 2 орынды Осьмерыжск НМ командасы алды, 3 орынды «Балдаурен» бөбекжайының командасы қанжығасына байлады.

«А» тобында бірінші орынға Песчан № 1 ЖОМ командасы, 2 орынға Бобровка ЖОМ командасы, 3 орынға А. Елгин атындағы № 1 ЖОМ командасы алды.

Ережеге сәйкес ұйымдастыру комитеті үздік үш командаға марапаттау тағайындады. 3 жалпы командалық орынды А. Текенов атындағы № 2 ЖОМ ұжымы алды, 2 жалпы командалық орынды Песчан № 1 ЖОМ ұжымы алды. Білім беру қызметкерлері арасындағы 17 аудандық спартакиаданың жеңімпазы А. Елгин атындағы Качир № 1 ЖОМ командасы.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталды. Жалпы командалық есептегі жеңімпаз командаға ауыспалы кубок табыс етілді!

Білім беру бөлімі, Качир аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы ССРО спорт шебері, Қаз ССР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогикалық еңбек ардагері П.Е. Яценкоға, спартакиада қатысушыларына, жарыс төрешілері У.С. Уралов, Ж.А. Тургульдинов, Қ.Д. Нүрпейісова, В.В. Беляев, А.Қ. Жолдаспаев, А.Б. Исимбаев, М.К. Кашкенов, А.С. Токабаев, Ю.В. Михайлов, Е.А. Воробьев, С.А. Әділбаев және басқаларына жарысты ұйымдастырып, өткізгені үшін алғыс білдіреді.

 

«Качир аудандық білім беру қызметкерлерінің

кәсіподақ ұйымы» филиалының төрайымы                                                                  А.Ф. Арынова

 

BannerFans.com
BannerFans.com