Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Качир ауданы білім беру қызметкерлері арасында 2018 жылғы шаңғы жарысы

on .

       

Аудан орталығы Тереңкөл ауылында 2018 жылдың ақпан айының соңында білім беру қызметкерлерінің арасында шаңғы жарысы бойынша аудандық жарыс өтті, оған ауданның 29 кәсіподақ ұйымынан 78 адам қатысты.

         Жарыс нәтижесі бойынша 40 жас және одан жоғары санаттағы топта әйелдер арасындағы шаңғы жарысынан 1 орынды Песчан № 2 ЖОМ директоры Н.Т. Әліпова, 2 орынды А.Елгин атындағы № 1 ЖОМ мұғалімі М.Н. Бедрина, 3 орынды Львовка ЖОМ мұғалімі М.К. Сүрүмбетова алды.

Ерлер арасында 1 орынға Песчан № 2 мектеп-интернатының педагогы             В.В. Овцынов иеленсе, 2 орынға Трофимовка ЖОМ мұғалімі Б.С. Әбдірахман ие болды, ал 3 орынды Ивановка ЖОМ мұғалімі В.М. Колобок алды.

         40 жасқа дейінгі санаттағы топта әйелдер арасында 1 орынға                Ю.П. Скокова А. Текенов атындағы № 2 ЖОМ, 2 орынға Р.Ж. Оспанова Песчан № 2 мектеп-интернаты, 3 орынға Қ. Нүрпейісова «Самал» ССО.

Ерлер арасында 1 орынды А.А. Сорокин А. Елгин атындағы № 1 ЖОМ,           2 орынды П.С. Марушкевич Береговой ЖОМ, 3 орынды М.Т. Аскапов Трофимовка ЖОМ қанжығаларына байлады.

         Сайыстың нәтижесі бойынша шаңғы жарысынан жалпы командалық бірінші орынды Песчан № 1 ЖОМ, екінші орынды Песчан № 2 мектеп-интернатының командасы, үшінші орынды А. Текенов атындағы № 2 ЖОМ иеленді.

         Жарыс қорытындысы бойынша жеке біріншілікте қатысушылар марапатталды, сәйкес дәрежелі дипломдар мен құнды сыйлықтар табыс етілді.

Качир ауданының білім беру бөлімі, білім беру қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ ұйымы жарыс төрешілері У.С. Уралов, М.К. Кашкенов, Қ.Д. Нурпеисова, А.А. Сорокиндерге және барлық қатысушыларға үлкен алғыс білдіреді.

         Алдағы уақытқа спортта жетістіктерге жетіп, өрлей беруді, денсаулық, табыс, бейбітшілік тілейміз.  

 

 

 

 Качир аудандық кәсіподақ          

 ұйымының төрайымы                                                                                                          А. Арынова

BannerFans.com
BannerFans.com