Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Мерекелерге арналған іс-шаралар.

on .

 

Осы күні Тереңкөл№3 мектебінің мәжіліс залында «Болашақ бүгіннен басталады-кәсіподақтың перспективасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Бұл отырыста ардагерлер Кеңесінің төрайымы Голубцова  Людмила Андреевна  «Ардагерлер Кеңесі,мұғалімдер мен білім қызметкерлері кәсіподағының бірлескен жұмысы»тақырыбына баяндама оқыса,Львов ЖББОМ –і кәсіподақ ұйымының төрағасы Черненко Владимир Владимирович  «Кәсіподақ  жұмысын жаңашаландыру» тақырыбында ой –пікірін білдірді.Сондай-ақ Байқоныс ЖББОМ –і кәсіподақ ұйымының төрайымы Сүлейменова Меруерт Бахитқызы «Кәсіподақтардың ұйымшылдығын күшейту» туралы ақпаратпен бөлісті. Қ.Оспанова атындағы Тереңкөл №3 мектебінің жас маманы, «Жас ұстаздар құрылтайы» атты жас мамандарфорумына қатысушы Рыспеков Санджар Қуандықұлы жиналған қауымға «Жас педагогтар Кеңесі қызметінің негізгі бағыттары» туралы айтып өтті.Осы шараның қорытындысы ретінде  Львов ЖББОМ –і кәсіподақ ұйымының төрағасы  В.В.Черненко «ҚР білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының» Құрмет грамотасы табыс етілді.А.Елгин атындағы Качир №1ЖББОМ мұғалімі А.В.Медведев «ҚР Павлодар облысы білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының» Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сонымен қатар аудан белсенділеріне қоғам өміріне белсенді түрде атсалысқандары үшін  алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тарту етілді.Ауданның базалық мектептеріне кәсіподақ кабинетін жабдықтау үшін техникалық құралдар алуға сертификаттар берілді.Жиылыс соңы аудан мектептерінің,оқушылар үйі балаларының және музыка мектебі қызметкерлерінің қатысуымен  өткен концерттік бағдарламамен аяқталды.

Качир аудандық кәсіподақ ұйымы

филиалының төрайымы:                                                          А.Ф.Арынова

BannerFans.com
BannerFans.com