Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Кәсіподақ күші бірлікте

on .

 

         Кәсіподақ мерекесіне қатысқан кәсіподақ ұйымдарының төрайымдары тындырған істері жайлы қысқаша ақпарат берді. Аудандық кәсіподақ ұйымына жетекшілік етіп келе жатқан Алма Фаизрахманқызының зор еңбегінің арқасында бұл ұйым ең үздік кәсіподақтардың қатарына енгенін атап өткен жөн.

       Ауданымызда да Кәсіподақ күніне байланысты бірқатар мерекелік іс- істерді алға бастаған кәсіподақ төрайымдарына Құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Бұл күні еңбек ардагерлері де назардан тыс қалған жоқ. Мереке барысында оларға да сый – құрмет көрсетілді. Олар бірауыздан Алма Файзрахманқызына ризашылықтарын білдіріп жатты.

      Кәсіподақтың негізгі бағыты ұстаздар қауымын бірлікке шақырып, салауатты өмір салтын насихаттау болса, дәл осы күні білім беру саласы расықызметкерлерінің арасында қызықты жарыстар ұйымдастырылып, мұғалімдер өздерінің шапшаңдығын, төзімділігін, ұшқыр білімдерін таныта біліп, бағалы сыйлықтарға ие болды. «Кәсіподақ күші бірлікте!», - дегендей, өз бірлігімізді Кәсіподақ күні де көрсете білдік.

 

Г.К.Әшірбекова А.Н.Елгин ат.№1 мектебінің

кәсіподақ ұйымының төрайымы

BannerFans.com
BannerFans.com