Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Тереңкөл ауданы Львовка ауылында жаңа балабақша ашылды.

on .

«Рухани жаңғыру», «Әлеуметтік серіктестік» бағдарламалары аясында және ауданның 90-жылдық мерейтойы қарсаңында Львовка ауылының шаруа қожалығының басшысы, аудан мәслихатының депутаты А.Ф. Вильгельм 50 бүлдіршіндерге арналған жаңа балабақшаны сыйға тартты. Балақша құрылысына халық қалауы 50 млн. теңге сомасын жұмсады. Орталықтандырылған жылытуға қосылған ғимаратта бассейн, спорт және музыка залдары бар. Ауданда, жаңа балабақшаның пайдалануға енгізілген соң, балалардың мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтылуы 3 жастан 6 жасқа дейін 100 пайызға, 2 жастан бастап 95 пайызға жетті. Балалар балабақшада екі топта: орыс және мемлекеттік тілінде тәрбиеленеді. Балабақшаның ашылуымен мектеп жанындағы шағын орталығы өз жұмысын жалғастырады. Енді 15 балаға арналған топта мектепалды даярлық тобының тәрбиелегушілері оқытылады.

«Зернышко" атты жаңа балабақшаның ашылу салтанатын аудан әкімі Ж.Р. Шұғаев және аудан мәслихатының депутаты А.Ф. Вильгельм өткізді.

 

 

BannerFans.com
BannerFans.com