Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

«Сүйікті анама» бейне-құттықтаулар байқауын өткізу қорытындысы бойынша ақпарат

on .

2021 жылдың 23 ақпаннан 3 наурызы аралығында  «8 – Наурыз» әйелдер күнін тойлау қарсаңында білім беру бөлімімен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен мектепалды даярлық топтары арасында бейне-құттықтаулар байқауы өткізілді.

       Байқаудың мақсаты: «Сүйікті анама» тақырыбы бойынша ең үздік жұмыстарды іріктеу.  Басты міндеті   – балалар шығармашылығын насихаттау, баланың жеке тұлғасына назар аудару.

        Бейнебайқауға «Сүйікті анама» тақырыбы бойынша бейне-құттықтаулар қабылданды, яғни бейне сюжеттік түрде «8 – Наурыз» мерекесімен байланысты болуы тиіс.

Ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде келесі критерийлер ескерілді:

- байқау тақырыбына сәйкестігі;

- композициялық шешімнің бірегейлігі (тақырыпты бейнелеудің өзіндік формасы, киімнің, түсіру орнының эстетикасы мен ерекшелігі);

- жалпы қабылдау;

- шығарманың көркемдік деңгейі; идеяның бірегейлігі және жұмыстың мазмұны;

- бейненің сапасы (айқындық, кескіннің айқындылығы).

         Байқауға 10 мектептен 37 бала қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңімпаздар «Талбесік» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушілері Войтенко Марина, Султанова Айлин, Алетаева Алтын, Октябрь ЖОББМ жанындағы шағын-орталығы тәрбиеленушісі Жарников Денис, Қызылтаң ЖОББМ жанындағы шағын-орталығының тәрбиеленушісі  Қабдрахман Ибраһим, Львовка ЖОББМ жанындағы шағын-орталығының тәрбиеленушісі Лебедев Артем атанды. Жеңімпаздарға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.  

 

BannerFans.com
BannerFans.com