Нашар көретіндерге арналған нұсқа

feed-image rss
«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін үйрету

          Уақыт қас-қағым. Бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі еліміздің  иесі. Сондықтан да бүгінгі күннен-ақ  Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарының тәрбиесі қамын ойлау керек.  Кез-келген қоғамда азаматтылық пен патриотизмге тәрбиелеудегі  маңызды факторлардың бірі өз мемлекетінің  тіліне  терең құрмет сезімі болып табылады.  Бала тілді неғұрлым ертерек үйрене бастаса, соғұрлым оған меңгеру оңай болады.  Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу қажеттілігіне ешкімді сендіру керек емес.

Басып шығару

Балабақшаны қалай ашуға болады?

         Көптеген кәсіпкерлер, мемлекеттік балабақшаларда орын жетіспеушілігі мәселесін ескере отырып, жеке меншік балабақшалардың есігін ашуға тырысады.  Балабақшаны ашуға рұқсат алу үшін, алдымен ЖК ашылады, кейін қажетті құжаттар рәсімделеді.  Мектепке дейінгі ұйымдарды санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай келетін ғимараттарда ашуға рұқсат беріледі.  Білім беру бөлімі ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылған бір топ үшін, бір балаға кем дегенде 2 шаршы метр ауданы бар, ойын бөлмесі түрінде, шешіну және буфеттік аймағымен жабдықталған және рәсімделген үй-жай бөлінеді.

     Сәйкес кадрлар, санитарлық-гигиеналық, материалдық-техникалық жағдайлары бар болса, мектепке дейінгі ұйымдар жеке педагогикалық қызметі құқығында мектепке дейінгі педагогтың үйінде құрылуы мүмкін.

     Мектепке дейінгі ұйымдарды ашу үшін СЭС-тан өрт сөндірушілерден келісім алу қажет, кейін дезинфекциялауға келісім жасау керек.  Рұқсат алғаннан кейін және  мектепке дейінгі ұйым жұмыс істегеніне 3 жыл өткеннен кейін мемлекеттік тапсырыс алуға таласа алады. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге мемлекеттік тапсырыс білім беру ұйымдарында жеке меншік, тип және түрлеріне қарамастан орналастырылады.  Әдетте, қатысуға өтініш берген мектепке дейінгі ұйымдарды таңдау бойынша арнайы комиссия құрылады. Бұл жағдайда төлемнің нақты бөлігін мемлекет жасайды.

АӘК әдіскері  М.В.Климова 

BannerFans.com
BannerFans.com