Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Мектепке дейінгі білім беру

on .

Қоғамды дамытудың заманауи кезеңінде мемлекеттік тілге оқыту сұрағы мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Тілдерді ерте үйрету баланың интеллектуалды қабілеттерін дамытуда ғана емес, олардың басқа мәдениет өкілдеріне деген құрметін және толеранттылығын тәрбиелеу мақсатында балаларды ұлттық тілге және мәдениетке араластыруға мүмкіндік беруде оң рөлін атқарады. Балабақшада қазақ тілін оқыту Қазақтан Республикасының міндетті мемлекеттік оқу стандартына сәйкес өткізіледі,  сондай-ақ мемлекеттік және басқа тілдерде әлеуметтік-мәдени әрекеттестікке дайын, туған тілдің негізгі құндылықтарын игерген, мектеп жасына дейінгі баланың көптілділік тұлғасын тәрбиелеуге бағытталған.  Качир ауданында 4 балабақша мен 22 шағын орталық жұмыс істейді. Мемлекеттік тілде оқыту және тәрбиелеумен 15 мектепке дейінгі ұйымдарда 445 бала, орыс тілінде 6 шағын орталықта 105 бала, аралас тілде      6 мектепке дейінгі ұйымдарда 411 бала қамтылған. 2017 жылдың шілдесінде ауданның екі мектепке дейінгі ұйымдарының («Балдаурен» бөбекжайы, «Балдырған» бөбекжайы) орыс тілінде оқытатын төрт тобында өзге ұлт өкілдерінің балаларына арналған қазақ тілінде қатынасу бойынша сынамалы жобаны енгізу басталды.  «Ақ бота» бөбекжайында өзге ұлт өкілдерінің балаларын  қазақ тілінде оқытатын эксперименттік топ ашылды, оған 20 бала қабылданды (сынамалы жоба).   

        Бұл мәселені шешу үшін мектепке дейінгі ұйымдармен ата-аналар қауымдастығы және педагогикалық кадрлармен алдын ала жұмыстар жүргізіледі.  Педагогикалық кадрларды дайындау үшін 2017 жылдың                           9 маусымы мен 29 шілдесі аралығында қазақ тілін үйрену бойынша курстық қайта даярлау өткізілді, бұл курсты 29 тәрбиеші өтті. 

АБББ әдіскері  М.В. Климова 

BannerFans.com
BannerFans.com