Нашар көретіндерге арналған нұсқа

feed-image rss
«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

«Мектебіме тағзым» акциясы

Качир өңірінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мектебіме тағзым» акциясына қатысуға ниет білдіргендер өте көп. Қысқа мерзімде 500-ге жуық мектеп түлегі өздері түлеп ұшқан білім ордаларына көмек көрсетуде.         

         Игі істің мақсаты – туған жердің гүлденуі мен білім нәрін сусындатқан мектептің дамуына атсалысу. Бүгінге дейін жалпы  мектептің материалдық жағдайы түзелді. Оқушылардың тілегі бойынша заманауи кабинеттер, шахмат, робототехника кабинеттері ашылып, музыкалық аспаптар сатып алынды. Ғимараттарды жөндеп, аумағына абаттандыру жұмыстарын жүргізгендер де бар. Ауданымызда  Береговой жалпы білім беретін орта мектебінің түлектері  Шахмат кабинеті мен музыкалық аппаратураны сыйлыққа табыс етті.Барлық жиналған қаржы 1 миллион 660 мың теңге сомасын құрады. 

Басып шығару

Мектебіме тағзым

         2017 жылдың 25 мамыры мен 30 тамызына дейін облыста «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Мектебіме  тағзым» республикалық акциясы өтті.  

      Жалпы білім беретін мектептердің педагогтары оқушыларға білім береді, оларға адамгершіліктің, мейірімділіктің, отансүйгіштіктің, басқа адамдарға деген түсіністік пен құрметтің жалпы өмірлік ұстанымдарын дағдыландырады. Мектептің міндеттерінің бірі – оқушы нағыз Адам, патриот болу үшін берік, дұрыс негіз беру. Сондықтан біз мектептен тыс тәрбиеге көп көңіл бөлеміз. Әдістердің бірі – қайырымдылық.

Басып шығару

«Мектебіме тағзым» Акциясы

BannerFans.com
BannerFans.com