Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.

Шуақты күн

on .

Бүгін Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі "Amanat" партиясымен бірлесіп "Jasai" кафесінің базасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған "Шуақты күн" мерекелік іс-шарасын өткізді. 

Бүгін Тереңкөл ауданының білім беру бөлімі "Amanat" партиясымен бірлесіп "Jasai" кафесінің базасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған "Шуақты күн" мерекелік іс-шарасын өткізді. Әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Раушан Қайыртасқызы Ыбраева құттықтау сөзін сөйлеп, Тереңкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Валентина Павловна Кулик балаларға балмұздақ таратып, "Amanat"партиясынан тәтті сыйлықтар ұйымдастырылды. Мерекелік түскі ас пен естелік сыйлықтардың демеушісі "DOS" ЖК Досжан Омаров болды. Іс-шараның қатысушылары Оқушылар үйіне және ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық және бақытты балалық шақ тілейміз!