Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

«Жаңартылған білім беру жағдайында сабақтарда критериалды бағалауды пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында тәжірибелік-бағдарлы семинар

on .

Тереңкөл ауданы Теренколь ауылының үш жалпы орта білім беру мектептері базасында «Жаңартылған білім беру жағдайында сабақтарда критериалды бағалауды пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында тәжірибелік-бағдарлы семинар өткізілді.

Тереңкөл ауданы Теренколь ауылының үш жалпы орта білім беру мектептері базасында «Жаңартылған білім беру жағдайында сабақтарда критериалды бағалауды пайдаланудың тиімділігі» тақырыбында тәжірибелік-бағдарлы семинар өткізілді.
Семинарға 160-тан астам педагогтар қатысты: шағын жинақты мектептердің директорлары, оқу және әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері, критериалды бағалауды ендіру бойынша аудандық және мектеп үйлестірушілері. Семинар аясында тәжірибелі педагогтар формативті және суммативті бағалау мәселесі бойынша коучингтер, шебер класстар өткізді.
Содан кейін Павлодар облысы білім беру басқармасының өкілі облыстық білім беруді дамытудың инновациялық орталығының маманы Людмила Антоновна Алейникпен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Людмила Антоновна бағалаудың жаңа жүйесінің ерекшелігі мен артықшылығына, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізілу қажеттілігіне, мектепішілік бақылаудың жаңартылуына ерекше көңіл бөліп, толығырақ тоқталды.
Семинар соңында мектеп үйлестірушілерінің қызметін жандандыру, аудандық шығармашылық топтар мен БЖБ және ТЖБ әзірлеу және құру бойынша сарапшылардың жұмысын жандандыру бойынша ұсыныстар берілді. Семинар қатысушылары бағалау жүйесін жақсарту бойынша ұсынымдар енгізді

BannerFans.com
BannerFans.com