Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Мектепке дейінгі ұйымға кезекті қалыптастыру мен қызмет ету және жолдама беру процесін автоматтандыру

on .

  2019 жылғы наурыздан бастап біздің ауданда жаңа жүйе енгізілді және барлық мектепке дейінгі ұйымдар (бала бақшалар мен шағын орталықтар) автоматтандырылды.

     

       Білім беру жүйесін цифрландырудың басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою және жолдама беру болып табылады. 2017 жылғы 11 қазандағы № 518 «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (0-7 жастан) жастағы балаларды кезекке қою» және «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» жаңартылған мемлекеттік қызмет стандарты негізінде ата-аналар өз бетінше кезекке тұрып, қалаған мектепке дейінгі ұйымға жолдама алатын болады. Осылайша, баланы мектепке дейінгі ұйымға ресімдеу процесі ХҚКО және білім беру бөлімі арқылы емес, ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар арасында электрондық түрде және жедел режимде өтеді. Жаңа талаптар бойынша барлық мектепке дейінгі ұйымдарға бірыңғай кезек құрылды, содан кейін ата-ана қалаған мектепке дейінгі ұйымға елді мекен бойынша жолдама алады. Баланы кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу процедурасымен 2017 жылғы 14 шілдедегі № 337 әдістемелік нұсқаулықта толық танысуға болады.

     2019 жылғы наурыздан бастап біздің ауданда жаңа жүйе енгізілді және барлық мектепке дейінгі ұйымдар (бала бақшалар мен шағын орталықтар) автоматтандырылды. Баланы кезекке қою және жолдама алу үшін ата-аналар SITCEN BALABAQSHA сайтына кіріп, өз өтініштерін қалдыруы және құжаттардың электрондық көшірмелерін бекітуі қажет. Кезекке, сондай-ақ ХҚКО арқылы қоюға болады, бірақ жолдаманы ата-ана өз бетінше жоғарыда аталған сайттан алады. Барлық сұрақтар бойынша таңдалған мектепке дейінгі ұйымға немесе білім беру бөліміне, сондай-ақ аталған ұйымдардың сайттарына жүгіну қажет.

                             

АББ әдіскері М.В. Климова

BannerFans.com
BannerFans.com