Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Жас мамандарға арналған аудандық семинар өтті.

on .

Білім бөлімі әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес 2019 жылдың 26 қаңтарында Трофимовка орта мектебінде «Заманауи білім берудің әдіс тәсілдері» атты тақырыпта жас мамандарға арналған аудандық тұрақты семинар өткізілді.

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай  қазіргі мемлекетіміздің білім саласы  ұстаздар қауымына үлкен күш артатыны  бәрімізге  мәлім. Ұстаздардың өз ісін өнер деңгейіне жеткізуге, кәсіби сауаттылығын шыңдауға ұйтқы болатын әдістемелік жұмыстың қажеттілігі бүгінгі таңда ерекше орын алып отыр. Жас мамандарға жаңалықты дұрыс түсініп, өз әрекетін күн талабына сай жоспарлауға бағыт-бағдар беру, көмек көрсету біздің негізгі міндетіміз. Ел басының қолдауымен биылғы жыл жастар жылы болып саналды. Білім бөлімі әдістеме кабинетінің жоспарына сәйкес 2019 жылдың 26 қаңтарында Трофимовка орта мектебінде «Заманауи білім берудің әдіс тәсілдері» атты тақырыпта жас мамандарға арналған аудандық тұрақты семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты - жас мамандарға заманауи білім берудің әдіс – тәсілдері туралы мәліметтер алуға жағдай жасай отырып, қазіргі өмір талабына сай, нәтижеге бағдарланған, білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа  технологиямен жан - жақты іздену арқылы еңбек етуге үйрету. Іс-тәжірибемен алмасу, әдістемелік көмек көрсету.

Семинарға аудан мектептерінен 26 жас маман қатысты. Семинар бағдарламаға сәйкес өткізілді.  Әдістеме  кабинетінің әдіскері                         А. Б. Жумасанова «Нормативті құжаттармен жұмысты ұйымдастыру»,            «Өздігінен білім алу тақырыбын жоспарлау» атты тақырыптарда баяндама оқып, жас мамандарға өзін-өзі жетілдіру мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне және оқушының білім - біліктілігін қалыптастыруда өз білімін арттыру тақырыбының тигізетін әсерінің зор екендігін тренинг арқылы түсіндірді.   Жас мамандарға мемлекет тарапынан көрсетіп жатқан қолдаулар туралы айтып өтті.

Мұғалімдердің біліктілігін көтерудің бірінші деңгейінен өтіп, сертификатталған Қ. Оспанова атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің  жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі, Оналхан Гүлмай  «Топтық жұмысты ұйымдастыру»  тақырыбында коучинг   өткізді. Топтық жұмыстың тиімділігін, оны ұйымдастыру жолдарын көрсетті. Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс туралы мәлімет беру арқылы, оқытуда оқушылардың және мұғалімдердің сыни тұрғыда ойлауын дамытатын түрлі стратегиялар мен әдіс түрлерін қолданудың тиімділігі туралы айта отыра, жас мамандарды 4 топқа бөлді. Жас мамандарға тапсырмалар беру арқылы және осы топтарға диалогтік оқыту тәсілінен түрлі сұрақтар қоя отыра  топқа бөлу әдісін көрсетіп, топтық жұмыстың маңызын түсіндіріп, оңтайлы жақтарын тәжірибелерінде пайдалануды үйретті. Коучинг соңында жас мамандар постерлер қорғап, екі жұлдыз бір тілектерін білдірді. Жас мамандарға арналып ашық сабақтар көрсетілді. Ашық сабақты жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі М. Б. Мухаметова қазақ тілі пәнінен «Негізгі және туынды зат есім» атты тақырыпта сабақ көрсетіліп, «заманауи жас маман - 2019» атты ойынмен қорытындылады. Семинар барысында  ынтымақтастық және бірлескен жұмыс, диалогтық оқыту, СТО, АКТ, оқытудағы басқары және көшбасшылық әдіс тәсілдері пайдаланылды.  

Қорытындылай келе мектеп оқушыларының жас мамандарға дайындаған шағын ән, би, КВН тамашалап жас мамандардың ойынан шыға білді. Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында» деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. 

Семинарда талқыланған мәселелер бойынша қорытындылар шығарылып, шешім қабылданды.      

Тереңкөл аудандық білім бөлімі

әдістеме кабинетінің әдіскері

А. Жумасанова 

 

BannerFans.com
BannerFans.com