Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Тіл мамандарының семинары

on .

Тереңкөл ауылының № 3 ЖОМ базасында 2019 жылдың 8 қаңтары күні «Функциональная грамотность – как результат интеграции предметных знаний» тақырыбында семинар өтті.  

     Тереңкөл ауылының № 3 ЖОМ базасында 2019 жылдың 8 қаңтары күні «Функциональная грамотность – как результат интеграции предметных знаний» тақырыбында семинар өтті. Орта білім беру мәселелері, қазіргі заманғы білім берудің концептуалды моделі, құзыреттілік тәсілдің базалық негіздерінің мәні, метапәндік нәтижелерге қол жеткізу тәсілі ретінде пән үсті бағдарламалары, дәстүрлі оқытудың жаңартылған білім беру мазмұны бойынша талаптарынан айырмашылығы қарастырылды.

     Семинарды ИнЕУ-дің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Бейсембаев өткізді. Семинар жұмысына 30-дан аса орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдері белсене қатысты. Профессордың пікірінше, білім берудің жаңартылған мазмұнын талап еткенде, қазіргі мұғалім транслятор болмауы тиіс, ол білімді интерпретатор болуы тиіс. Яғни сабақтың кез келген материалын мұғалім өзі арқылы өткізуі керек, айна күн сәулесін сындырғандай. Әрбір сабақтың материалын өмірден, оның ішінде өз өмірінен алынған мысалдармен бекіту. Сабақ соңында оқушы «Алған білім негізінде менің басымда не өзгерді?» деген сұраққа жауап беруі тиіс.         Мұғалімдер құнды ақпарат алып, білім сандықтарын толықтырды.

          Сабақ соңында профессор әр педагогке «Голоса молодых», «Лингвокультурный концепт как фрагмент языковой карты мира» атты авторлық кітаптарын сыйға тартты.

BannerFans.com
BannerFans.com