Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ҒАЖАЙЫПТАР

on .

Тереңкөл № 3 ЖОМ базасында 2018 жылдың 26 желтоқсаны аудан әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваның қатысуымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Жаңа жылдық шырша өтті.  

     Тереңкөл № 3 ЖОМ базасында 2018 жылдың 26 желтоқсаны аудан әкімінің орынбасары Р.Қ. Ыбыраеваның қатысуымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Жаңа жылдық шырша өтті.  Мерекелік іс-шараға 40-тан астам бала қатысты.  Раушан Қайыртасқызы балалар мен олардың ата-аналарын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, денсаулық, шыдамдылық, болашаққа деген сенім тіледі.

         Көздің жауын алатын, басында бесбұрышты жұлдызы бар үлкен шырша балаларға ұмытылмас әсер қалдырғаны анық. Олар Елбасының Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауына арналған «Жарқыра, Қазақстан! Жарқыра, Туған жер!» атты театрландырылған карнавалдық-маскарад қойылымына қатысты.   Қойылымға Аяз ата, Ақшақар және онннан астам ертегі кейіпкерлері қатысты.  

         «Біз бұл іс-шараларды, адамдар, басқаларға ұқсамайтын балалар бар екенін ұмытпауы үшін ұйымдастырамыз. Бір сағатқа болса да, оларды ғажайып ертегілер еліне жетелеп, қуанышқа бөлеп, жүздеріне шаттық күлкісін ұялатамыз. Менің ойымша, балалар, келесі ғажайыпты асыға күтіп, келесі жаңа жылда да осындай ертегіге қатысуға асығатыны сөзсіз», – деп аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің басшысы                  И.А. Воробьева өз ойымен бөлісті.

        Соңында балаларға мерекелік дастархан жайылып, әрқайсысы тәтті сыйлық алды. 

 

 

BannerFans.com
BannerFans.com