Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Педагогикалық қызметкерлердің аудандық тамыз конференциясы

on .

Тереңкөл ауданы білім беру бөлімі 2018 жылдың 24 тамызы күні «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясын өткізді

     

Тереңкөл ауданы білім беру бөлімі 2018 жылдың 24 тамызы күні «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» тақырыбында педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясын өткізді, оған аудан әкімі Ж.Р. Шұғаев, облыстық білім беру басқармасының бас маманы Г.Б. Рамазанова, ауылдық округ әкімдері, бөлім, кәсіпорындар мен ұйым басшылары, педагогтар, педагогикалық еңбек ардагерлері қатысты.

        Аудан әкімі Ж. Шұғаев ауданның педагогикалық ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтад. Осы жылғы 68 ҰБТ тапсырған түлектің 52-сі мемлекеттік білім беру грант иегерлері атанып, республиканың жоғары оқу орындарында білім алуларын жалғастыруға мүмкіндік алғандары үшін алғыс білдірді.   5 түлек Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында бюджеттік негізде оқиды. Оқу-тәрбие үрдісінің табысты жұмыс істеуі үшін жергілікті билікпен жасалатын жағдайлар туралы айтып өтті. Песчан № 2 ЖОМ директоры, аудандық маслихат депутаты  Н.Т. Әліпованы ерекше атап өтті. 2017-2018 оқу жылының қорытындысы бойынша Песчан № 2 ЖОМ облыстың ауыл мектептері арасындағы «Үздік орта білім беру ұйымы» конкурсының жеңімпазы атанды. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ж.Қ. Билялова өткен оқу жылына қорытынды жасады, білім беру мазмұнының жаңартылған мазмұны шеңберінде 2018-2019 оқу жылына міндеттер қойылды. 
         Кеңестің салтанатты бөлімінде оқу-тәрбие үрдісіндегі жоғары жетстіктері үшін ауданның 33 педагогы Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды.

 

BannerFans.com
BannerFans.com