Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Качир ауданындағы Түлектер кеші

on .

2018 жылғы 16 маусым күні Качир ауданында Түлектер кеші өтті. Ертіс өзені жағасындағы «Жағажай алаңы» мерекелеудің басты алаңы болды. 

2018 жылғы 16 маусым күні Качир ауданында Түлектер кеші өтті. Ертіс өзені жағасындағы «Жағажай алаңы» мерекелеудің басты алаңы болды. Түлектер кешіне аудан әкімі Ж.Шұғаев, Павлодар облысы Білім беру басқармасының «Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы» ММ басшының орынбасары Т.Аленов, Қазақстан Республикасының жазушылар Одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, талантты ақын, «Көктем тынысы», «Ай-нұрым менің», «Еркелеймін Ертіске», «Сезімді қайтем тулаған» атты кітаптарының авторы Шолпан Байғалы, педагогикалық еңбек ардагерлері, ауылдық округ әкімдері, мұғалімдер мен ата-аналар қатысты. Кешке барлығы 120 түлек қатысты. Сегіз «Алтын белгі» иегері мен екі «Үздік аттестат» иегері аудан әкімі қолынан аттестаттар мен бағалы сыйлық – ноутбуктерді алды. Аудан әкімі Ж.Шұғаев өзінің құттықтау сөзінде былай деп атап көрсетті: «Өз өмірлеріңіздің басты қадамын жасайтын мезгіл келіп жетті. Сіздер, еліміздің болашағын айқындайтын жастар қатарында болуларыңыз шарт».

Содан кейін дәстүрлі мектеп бальсінде ондаған жұп билеп, соңы заманауи биге ұласты. Концерттік бағдарламаға Павлодар қаласының «Самьян» музыкалық тобы қатысты. Көкке ұшқан шарлар, түрлі-түсті боп жарқыраған от шашу түлектер өміріндегі жаңа кезеңнің басталуы тәрізді.

Түлектердің айтуынша, олар мектеп пен ата-аналарының мақтанышы болып, оқу мен еңбекте жетістіктерге жетуді армандайды. Ал қазір оларды ЖОО, колледж пен лицейлер күтіп тұр. Сәт сапар, түлектер!

BannerFans.com
BannerFans.com