Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Аудандық «Үздік әдістемелік құрал -2018» байқауы өтті

on .

2018 жылғы 24 сәуірде «Үздік әдістемелік құрал -2018» аудандық байқауының қорытындысы шығарылды.  

 

2018 жылғы 24 сәуірде «Үздік әдістемелік құрал -2018» аудандық байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауға 7 білім беру ұйымдарынан 24 жұмыс қабылданды: дидактикалық және диагностикалық материалдар, әдістемелік ұсынымдар, дамыту және оқу ойындар жиынтығы мен арнайы курс бағдарламалары. Конкурстық комиссия әр материалды келесі критерийлерге сәйкес бағалады: өзектілік пен жаңашылдық, қолдану нәтижелілігі мен әзірлеу толықтығы.

1-орын мадақтама: 8 сыныпқа арналған «Адамның рухани мұрасы» факультативтік бағдарламасы (өзін-өзі тану пән мұғалімі, Песчан № 2 ЖОМ директоры Н.Т. Әліпова), «Креатив және дизайн әлемі» көркем-эстетикалық бағытындағы қосымша білім беру бағдарламасы (Оқушылар Үйінің педагогы Н.А. Дикова), «Коррекционно - развивающие занятия по развитию и саморазвитию внимания младших школьников» сабақтар жиынтығы (Осьмерыжск НОББМ –ің педагог –психологы Попп И.А.).

2-орын мадақтама: "Қазақ ұлттық орталығы" үйірмесіінің бағдарламасы» (Оқушылар Үйінің педагогы Еркебұланов А.К.) және «Робототехника негіздері» арнайы курс бағдарламасы (информатика пән мұғалімі Степанов Д.О.).

3-орын мадақтама: мектепке дейінгі кіші жас балаларға арналған «Ертегілер әлеміне саяхат» дидактикалық құрал- лэпбук («Балдырган» балабақшасының әдіскері Валивач Е.В.), биология пәнінен 8 сыныпқа арналған «Избранные вопросы анатомии человека» (биология пән мұғалімі Рахимжанова К.К.), Қазақстан тарихы пәнінен 5 сыныпқа арналған «Мен Қазақстан патриотымын!» (тарих пән мұғалімі Касаткина Т.Н.), химия пәнінен 7 сыныпқа арналған «Бейорганикалық химия әлемі» (химия пән мұғалімі Тишкин В.И.), 5 сыныпқа арналған «Қызықты грамматика»              (орыс тілі пән мұғалімі Балгабаева Ж.К.) және геометрия пәнінен «Лото» логикалық ойындар жиынтығы (АӘК әдіскері Акимочкина Е.В.)

Жыл сайын өткізілетін аудандық байқау педагогтердің кәсіби деңгейлерінің жоғарылануына, озат педагогикалық іс-тәжірибені анықтау мен таратылуына және шығармашылық беленділіктерін арттыруларына ықпал етеді.

BannerFans.com
BannerFans.com