Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

«Астана – елорданың жүрегі» танымдылық конкурсы

Качир ауданы Оқушылар үйінің мәжіліс залында 2018 жылдың 8 ақпаны күні Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – елорда жүрегі» танымдылық бағдарламасымен конкурс өткізілді. 

      Качир ауданы Оқушылар үйінің мәжіліс залында 2018 жылдың 8 ақпаны күні Астананың 20 жылдығына арналған «Астана – елорда жүрегі» танымдылық бағдарламасымен конкурс өткізілді. Мақсаты: оқушыларды Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыру, Қазақстан халқының көпұлтты бірлігін нығайтудағы оның жоғары рөлі туралы, Тәуелсіздіктің нышаны туралы түсініктерін қалыптастыру. Өз Отанына деген мақтаныш сезіміне, отансүйгіштікке тәрбиелеуге ықпал ету.   Зал мерекелік безендірілген. Іс-шараға 50-ден астам оқушы қатысты. «Қазақстан – менің Отаным!» тақырыбына кітаптар мен суреттер көрмесі ұсынылды.

         Конкурсқа Качирдің үш мектебінен командалар қатысты. Қатысушылар бірнеше сыннан өтті:  «Командаларды таныстыру», «Блиц – турнир (викторина)», «Үй тапсырмасы», «Мақалды аяқтап, аудар»,  «Астана – ел жүрегі» суреттер конкурсы. Качир № 3 ЖОМ командасының капитаны  Ануар Сулейменов, іс-шараға дайындық кезінде ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Әлем қаласы» атағын алғанын білгенін айтып өтті. Қаланың бас жоспарымен жапон сәулетшісі Кисё Курокава еңбектенсе, ал көпшілік құрылыс, ғимараттарды тұрғызуда  атақты сәулетші Норман Фостер еңбегін сіңірді. Мен Отанымды мақтан етемін.  

       Конкурстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Качир № 2 ЖОМ жеңіп алса, екінші орынды Качир № 3 ЖОМ, ал үшінші орынды Качир № 1 ЖОМ қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мадақтамалар табыс етілді. 

BannerFans.com
BannerFans.com