Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Аудандық ғылыми жобалар конкурсының өткізілуі туралы ақпарат.

     

2017 жылғы 10 қарашада Тереңкөл ауылы А.Елгина атындағы №1 ЖОББМ-де 8-11 сынып оқушылар арасында ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ой еңбегінің беделін арттыру, ең таланты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету  мақсатында аудандық ғылыми жобалар конкурсы өткізілді.

 
     Ғылыми жобаға ауданның 9 мектебінен 21 оқушы тапсырыс беріп, денсаулығына байланысты әр түрлі себептермен 16 бала қатысты. Ғылыми жоба 4 бағыт бойынша өтті.

1 бағыт- Ғылыми –техникалық прогресс- экономикалық өсудің негізгі буыны. Секциялары: физика, техника, Жер және космос туралы ғылымдар.

2 бағыт- Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу. Секциялары: Математика, қолданбалы математика, информатика, экономика.

3 бағыт- Таза табиғи орта - «Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың негізі. Секциялары: биология, химия,қоршаған орта және адам денсаулығын қорғау.

4 бағыты- Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары. Секциялары: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, Адам және қоғам.

   Секциялар бойынша орын алған балалар болды. Балалар өз ғылыми жұмыстарын қорғап, өздерінің жұмыстарын ортаға салып тәжірибелерін көрсетті. Жұмыстары презентация түрінде интерактивті тақтамен көрсетілді. Жүлделі орын алған балаларды айтатын болсақ, 1 бағытта Ғылыми –техникалық прогресс- экономикалық өсудің негізгі буыны бойынша Песчан №1 ЖОМ Бабич Иман 1 орынды иеленді. Ракушина Екатерина, Титченко Дарья Песчан №2 ЖОМ 2 орынды иеленді. 2 бағыт- Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу бойынша Пфафенрот Денис Калиновка ЖОМ, Здровцова Алина Песчан №2 ЖОМ 2 орынға иеленді. 3 орынды Байқоныс ЖОМ 8 сынып оқушысы Ибраева Дарина иеленді. 3 бағыт- таза табиғи орта-«Қазақстан-2030» стратегиясын іске асырудың негізі бойынша Песчан №2 ЖОМ Рамазан Жарас 2 орынға ие болды.

 4 бағыты- Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары бойынша Песчан №2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Булатова Эльмира 1 орынды иеленсе, 2 орынды 8 сынып оқушысы Герлиц Милана Ивановка ЖОМ және Береговой ЖОМ 11 сынып оқушысы Краузе Екатерина иеленді. Тіл білімі бағыты бойынша 1 орынды Песчан №2 ЖОМ 9 сынып оқушысы Катугина Алина иеленді.

   Ғылыми жоба жұмыстары өзіне тән берілген ережеге сай жұмыс атқару және қандай да берілген бағыты бойынша жұмыс жүргізу керек. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларын ала отырып, өз қолынан келетін жұмысты алу керек. Сол жұмыспен жылдап айлап жұмыс істеу оқушының міндеті екенін білу керек.

Сондықтан ғылыми жобаны бар ынтамызбен дайындап, зерттеп, оқуға, білімге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.

BannerFans.com
BannerFans.com