Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

«Laula 2017» халықаралық конкурсының жұлдыздары.

on .

     Астанада, Оқушылар сарайында 4 қараша мен 6 қараша аралығында алғаш рет «Laula - 2017» Халықаралық балалар шығармашылығы конкурсы өтті. Іс-шара мақсаты – шығармашылық әлеуетті дамыту үшін жағдайлар жасау және балалар мен жасөспірімдер арасында дарынды орындаушыларды анықтау.  Конкурс төрт номинация бойынша өтті:  вокал, хореография, аспапты музыка және бейнелеу өнері. Оған  Қазақстанның  9 аймағынан  820-дан астам бала қатысты.

 

      Качир ауданы музыка мектебінің тәрбиленушілері бұл конкурстың эстрадалық вокал номинациясына қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша Федоровка ЖОМ 5 сынып оқушысы Галегузова Марина 1 - орын,  Качир № 1 ЖОМ 6 сынып оқушысы Папанов Даниил 2 – орын алды, екі қатысушы да халық әні номинациясында. Качир № 2 ЖОМ 5 сынып оқушысы Еремеева Ульяна эстрадалық вокал номинациясында 3 орынға ие болды. 

      Қатысушылармен  бірге барған, музыка мектебінің вокал бойынша педагогы О.М. Колмогорова өз әсерімен бөлісті: «Вокалдық дайындық дәрежесі, дұрыс ән орындау ұстанымы, тембрдің сұлулығы мен толықтығы, әртістік қасиеттері біздің балаларға өздерін лайықты деңгейде көрсете білуге мүмкіндік берді. Олар өз шеберліктерін одан әрі жетілдіруге жаңа күш-қуат алды».

BannerFans.com
BannerFans.com