Качир ауданының білім беру бөлімі

Басып шығару

«Қонақжай people» жобасы

on .

«Қонақжай people» жобасы аясында балаларды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру мақсатында Тереңкөл ауылына көршілес Ресей Федерациясының Баған ауданынан 6 бала (оның ішінде 4 этникалық қазақ балалары) келді. Жоба бағдарламасында Достық фестивалі, фольклорлық музыка кеші сияқты түрлі іс-шаралар қарастырылған, онда әр түрлі мәдениеттегі балалар мен жасөспірімдер ойын, тұсаукесер және ойын-сауық түрінде халықтардың тұрмыс, мәдениетін, тіл және тарихын зерттейтін болады.

Песчан ауылының №1, №2 мектептерінің және Тереңкөл ауылының  Қ. Оспанова атындағы №3 ЖОББМ директорлары балаларды білім ошағында қарсы алып, мектеп мұражайын, роботты техника, рухани жаңғыру, Тұңғыш Президент кабинеттерін көрсетті. Білім беру бөлімінің мамандары келген қонақтарды Тереңкөл ауылының жағалауына, «Алдаспан» жастар орталығына апарып, экскурсия жүргізді. Кейіннен қонақтар Жеңіс алаңына барып ҰОС ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.  Одан кейін Баған ауданынан келген қонақтарымызды Федоровка ауылында орналасқан Оқушылар үйі жанындағы қала сыртындағы лагерь құшақ жая қарсы алды.

 

BannerFans.com
BannerFans.com