Нашар көретіндерге арналған нұсқа

feed-image rss
«150» нөмірлі сенім телефоны арқылы өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға құқықтық, психологиялық және консультативтік қызметі көрсетіледі. Зорлық-зомбылық және қатыгез фактілері (тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбектік және сексуальды қанау) анықталған жағдайларда қалалық және ұялы телефондардан «116 16» республикалық сенім телефона хабарласуға болады.
Басып шығару

Біз қоғамдағы тәртіп үшін!

on .

Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу – әр мектеп жұмысының маңызды бөлімі. Осыған орай Береговой ЖОББМ 13 ақпан күні 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Біз қоғамдағы тәртіп үшін!» атты флеш-моб ұйымдастырылды. Флеш-мобқа қатысу үшін Бобровка, Жасқайрат, Зеленороща, Первомайка, Осьмерыжск мектептері шақырылды.

Басып шығару

Качир ауданы мұғалімдерін аттестациялау

on .

2014 жылдың 7 ақпанында Тереңкөл ауылының Қ.Оспанова атындағы Качир №3 ЖББОМ базасында 27 педагог кадрлар шеберлік-класстан және портфолио презентацияларынан өтті. Олар: 10 дәлелдеуші және 17 жоғары санатқа аттестацияланатын мұғалімдер.

Басып шығару

ХАБАРЛАНДЫРУ

on .

        Ағымдағы жылдың 17-қаңтарында, сағат 11:00-де   Павлодар қаласының Айманов 51 көшесінде орналасқан № 16 ЖББОМ –де облыстың ішкі істер Департаменті 1.sabak.kzсайтында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың, сондай-ақ республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен, «2013 жыл бойынша кәмелетке толмағандардың жасаған қылмысы және олардың өздеріне қатысты жасалған қылмыстар» тақырыбында on-line тәртібінде интернет-конференция өткізуді жоспарлап отыр. Конференцияның негізгі мақсаты, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алып, олардың құқықтық сауаттылықтарын көтеру.        

   Облысымыздың тұрғындарын осы іс-шараға белсенді түрде қатысуға шақырамыз.

  -Балалардың құқығын қорғау туралы,әкімшілік және қылмыстық заңнамаларды түсіндіруге байланысты, ішкі істер бөлімінің кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жүргізілетін жұмыстарына қатысты ;

-        Ішкі істер органдарының,білім беру және басқа да құзыретті органдарға қатысты ;  

Және басқа да сұрақтар бойынша келіп жүгіне аласыздар!

Павлодар облысының ішкі істер департаменті

әкімшілік полиция басқармасының

ювеналды полиция бөлімі

BannerFans.com
BannerFans.com